AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда жетім және мүгедектігі бар балаларға арна...

Алматыда жетім және мүгедектігі бар балаларға арналған лагерь саны көбейді

Білім және ғылым 23.06.2023, 06:13 2,494
Алматыда жетім және мүгедектігі бар балаларға арналған лагерь саны көбейді
Сурет: Almaty.tv

«Өрнек» лагері «Жанұя» мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін қабылдады.


Онда 5 пен 18 жас аралығындағы балалар жазғы каникулын өткізеді. Білікті мамандар қызықты тренингтер, шеберлік сабақтары және спорттық сайыстар ұйымдастырып жатыр.  «Өрнек» лагері Алматыдағы Оқушылар сарайына қарайды. Лагерьдің жұмысы әдеттегідей таңғы жаттығудан басталады. Одан кейін таңғы ас ішкен оқушыларға бір күннің сабақ кестесі жарияланады. Әр күннің бағдарламасы әртүрлі болғандықтан оқушыларды жалықтырмайды, - дейді тәлімгерлер.



«Біздің мақсатымыз – оқушылар бойында патриоттық сезімдерді ояту. Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Сонымен қатар адами қасиеттер мен  салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады», - деді «Өрнек» лагерінің тәлімгері Гүлжан Рахманбекова.



Лагерде қазір 80-ге жуық бала жазғы демалысын өткізіп жатыр. Оқушылар 10 күн ішінде негізгі сабақтардан өзге де квадраткоптер ұшырып, геоинформатика, бионейротехнологиялар және дизайн тақырыбы бойынша шеберлік сабағына қатысады. Тіпті туризмді дамытудың қыр-сырын үйренеді.



«Мұнда туристік саланың мамандары келіп тұрады. Балаларға табиғат аясында от жағуды, шатыр құруды, қанатты жолдармен жүруді үйретеді. Мұндай сабақтар оқушылар үшін өте қызық», - дейді «Өрнек» лагерінің ауысым басшысы Бауыржан Бектаев.



Лагерьдегі балалар әр топқа бөлініп, жарыстар өткізіп отырады. Доп теуіп, волейбол және баскетбол ойнайды. Арасында кітапханаға жиналып, білімдерін жетілдіреді.



«Мен тамақ жасауды, сахнаға шығу, өлең айту, әртүрлі билерге қатысып, күшті ойындар ойнауды үйрендім. Лагерьде маған көбінесе әртүрлі үйірмелер ұнап жатыр. Әдемі, қызықты заттар тәлімгерлер бізбен жұмыс істеп жатыр», - дейді оқушы Айша Шынасылова. 



«Өрнек» лагерінің шәкірттері табиғатты күтіп, баптауды да үйреніп жатыр. Тәлімгерлер ағаштар мен гүлдерді суарудың, оларды өсірудің дұрыс жолдарын көрсетеді. Жобаның мақсаты – балалардың патриоттық сезімін арттыру. Салауатты өмір салтына баулып, қоршаған ортаны аялауға шақыру.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жетім #Мүгедек балалар #лагерь
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);