Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңіс жолы» о...

Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңіс жолы» онлайн-акциясы басталды

Не? Қайда? Қашан? 05.05.2025, 18:22 707
Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңіс жолы» онлайн-акциясы басталды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс жолы» атты патриоттық онлайн-акция басталды. Игі бастаманы қала жастары, блогерлер, волонтерлер мен түрлі қоғамдық ұйым өкілдері қолдап, белсенді түрде қатысуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік желілерде Алматы қаласындағы тарихи-ескерткіш орындар туралы ақпарат тарату. Қатысушылар өз парақшаларында мемориалдар, ескерткіштер, музейлер мен соғысқа қатысы бар көше атаулары көрсетілген фотолар мен видеолар жариялап, сол орындардың тарихи маңызын айтып береді. Бұл арқылы жастар тарихты жаңғыртып, тарихи оқиғаның рухани мұрасын сақтауға үлес қосып жатыр.

Алматылық жастар акцияға ерекше белсенділікпен қатысуда. Студенттер, еріктілер мен жастар ұйымдарының өкілдері тек жазба жариялап қана қоймай, шағын экскурсиялар өткізіп, бейнероликтер түсіріп, өз оқырмандарын патриоттық челленджге шақыруда. Жастардың бастамасымен бұл акция шынайы эмоцияға, нақты деректерге толы бірегей жобаға айналуда.

Қатысушылар жарияланымдарына арнайы хештегтерді белгілеуде: #ҰлыЖеңіс, #ДеньПобеды, #ДорогаКПобеде80, #ЖеңісЖолы80. Бұл хештегтер арқылы барлық жазбалар бір ортақ цифрлық естелік кеңістігіне біріктіріледі. Акция жас ұрпақтың тарихи мұрамен танысып, патриоттық сана-сезімін оятуға жол ашады.

«Мен Панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалын таңдадым. Бұл жер мен үшін бала кезден ерекше маңызға ие. Әр жылы ата-анаммен бірге осы жерге гүл қойып, үнсіз тағзым ететінбіз. Бүгін өзім бауырыма сол жерді көрсетіп, панфиловшылар ерлігі жайлы айтып, видео түсірдім. Меніңше, тарихты есте сақтау жеткіліксіз – оны бөлісу маңызды», – дейді акцияға қатысушы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Данияр Сапарбек.

Қалалық іс-шараларға белсенді қатысып жүрген блогер Анна Торосян бұл акцияны қолдап, өзінің парақшасында келесі жазбаны жариялады:

«Алматының қақ ортасында, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Мәңгілік алау жанып тұр — бұл Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандықтарды мәңгі есте сақтаудың белгісі. Ол 1975 жылы Жеңістің 30 жылдығына орай жағылып, содан бері бұл жерге отбасылар, оқушылар, ардагерлер мен қала қонақтары келіп, құрметпен бас иеді. Геобелгі: 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы».

Бос уақытты тиімді ұйымдастыру орталықтарының бірі жасөспірімдердің Даңқ музейіне ұжымдық сапары туралы бөлісті:

«Бұл музей — тарихи жадымызды сақтаушы маңызды орын. Оның залдарында Ұлы Отан соғысына, қазақстандық жауынгерлердің майдан мен тылдағы ерлігіне арналған бай экспозиция қойылған. Мұнда сарбаздардың жеке заттары, майданнан келген хаттар, қару-жарақтар, фотосуреттер мен құжаттар бар. Олар Жеңіс жолындағы ерлік пен жанқиярлықты баяндайды. Осындай орындарға бару арқылы біз тек тарихты біліп қана қоймай, оны жүрегімізде сақтаймыз».

Әлеуметтік желі қолданушылары да естелік орындары туралы ақпаратпен бөлісіп, олардың орналасқан жерін және кімге арналғанын көрсетті:

«Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға арналған ескерткіш – 1944 жылы шайқаста ерлікпен қаза тапқан аты аңызға айналған мерген қыздың құрметіне орнатылған. Әлия бейнесі тек майдандағы батыр ретінде ғана емес, сонымен қатар әйелдерге тән қайсарлық пен ерліктің символы ретінде ел жадында сақталған. Орналысқан жері: Төле би көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысы, ҚазҰПУ жанында.».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция мамыр айының соңына дейін жалғасады. Оған кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Ол үшін қаладағы бір ескерткіш немесе тарихи орынды таңдап, оның тарихын баяндап, арнайы хештегтермен бірге жариялау жеткілікті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жеңіске 80 жыл #Жеңіс жолы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика