AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда Жеңіс күнінің құрметіне орай қандай іс-ша...

Алматыда Жеңіс күнінің құрметіне орай қандай іс-шаралар өтеді?

Не? Қайда? Қашан? 05.05.2023, 09:38 3,772
Алматыда Жеңіс күнінің құрметіне орай қандай іс-шаралар өтеді?

9 мамыр күні сағат 09:30-да Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығын мерекелеу аясында 28 панфиловшы-гвардияшылар атындағы саябақта Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатысуымен Даңқ мемориалының жанында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі ресми түрде ашылады.


Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт сағат 11:00-де 28 панфиловшы-гвардияшылар саябағының алаңында өтеді. Қазақстандық әртістер соғыстан кейінгі жылдардағы майдандағы және соғыстан кейінгі әндерді орындайды.


Қалада Б. Момышұлының монументіне, Т. Бигелдинов, Р. Қошқарбаевтың мемориалдық тақтасына, А. Молдағұлова мен М. Мәметованың, С. Нұрмағамбетовтың ескерткіштеріне, С. Луганскийдің бюстіне, «Отан ұлдарына мәңгілік естелік» және «Отан үшін шайқаста қаза тапқандарға мәңгілік даңқ» мемориалдарына гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылады.


Іс-шараның құрметті қонақтары - Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, қоғам қайраткерлері, әскери қызметшілер және т. б.


Жеңіс күнін мерекелеу Ш. Уәлиханов атындағы скверде және Жібек Жолы-Панфилов көшелерінде сағат 11.00-ден бастап өтеді. Концерттер «Алматы әуендері» әртістерінің, Абай атындағы ҚҰОБТ театры солистерінің, музыкалық топтардың  қатысуымен өтеді.


Қала әкімдігі 50 мың «Жеңіс лентасын» таратуды ұйымдастырады. Оларды 28 панфиловшы- гвардияшылар, Орталық мәдениет және демалыс саябақтарында, мерекелік іс-шаралар өтетін басқа жерлерде алуға болады


Мектептер мен колледждерде әскери қызметшілерді, ардагерлерді, қатардағы азаматтарды шақыра отырып, тақырыптық «Ерлік сабақтары», сондай-ақ балаларды түрлі қорғаныс түрлерімен таныстыру бойынша сабақтар өтеді.


Мереке аясында онлайн форматта «Ер есімі – ел есінде» («Батырларға тағзым») акция-шеру өтеді. Акция «Ер есімі – ел есінде» арнайы платформасында өтеді, онда қазақстандық батырлар туралы ақпаратты көруге болады.


Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімінің, оның орынбасарлары мен аудан әкімдерінің қатысуымен «Ардагерлерге тағзым» қайырымдылық акциясы аясында үйлеріне барып қызмет көрсетілетін және медициналық-әлеуметтік мекемелердегі Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін және тыл еңбеккерлерін құттықтау жоспарланған.


Жеңіс күніне арналған салтанатты шаралар қаланың барлық аудандарында өтеді.


 


Алатау ауданы:


- Ардагерлер мен жастардың қатысуымен «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қою 7 мамыр күні таңғы сағат 10:00-де Жанқожа батыр көшесі, 26 мекенжайдағы аудан әкімдігі ғимаратының алдында болады. Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара 7 мамырда сағат 11:00-де Атлеттер ауылында өтеді.


Анықтама телефоны: Алмат Сайлыбаев, Алатау ауданы әкімі аппаратының мәдениет бөлімінің маманы, 8 747 419 60 56



Алмалы ауданы:


Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарлама 9 мамырда сағат 11:00-де Ә. Молдағұлова мен М. Мәметова атындағы скверде өтеді. 


Анықтама телефоны: Алмасбек Құрманғалиев, Алмалы ауданы әкімі аппараты мәдениет бөлімінің бас маманы, 8 701 794 77 37



Әуезов ауданы:


Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт 9 мамырда сағат 11:00-де Family Park демалыс саябағында өтеді.


Анықтама телефоны: Рабик Шакир, Әуезов ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, 8 777 394 0808



Жетісу ауданы:


Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт 9 мамырда сағат 11:00-де «Гүлдер» саябағында өтеді.


Анықтама телефоны: Батыргереева Әсемгүл Мақсатқызы, Жетісу ауданы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы, 8 701 993 1113



Наурызбай ауданы:


8 мамыр күні сағат 09:00-де «Мәңгілік алау» ескерткішінің жанында, “Таусамалы” шағынаудандағы Жандосов көшесі, 2-де аудан әкімінің, ҰОС және ауған соғысы ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, Желтоқсан оқиғасы күрескерлерінің қатысуымен гүл шоқтары қойылады. Сағат 11:00-ден 14: 00-ге дейін  төрт ардагер өз  үйлерінде  ауданның  атынан құттықталады, сондай-ақ олар үшін үрмелі аспаптар оркестрімен бірге әскери шеру ұйымдастырылады.


Жеңіс күніне арналған “Ерлік ізі өшпейді” мерекелік концерті 9 мамыр күні сағат 11:00 - де аудан әкімдігі ғимаратының алдында өтеді (Шұғыла шағынауданы, 347).


Анықтама телефоны: Якупбаева Сәлима, Наурызбай ауданы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы, 8 747 183 5668      



Түрксіб ауданы:


Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара 9 мамырда сағат 11:00-де С. Сейфуллин атындағы саябақта өтеді.


Анықтама телефоны: Қанат Әлімбетов, Түрксіб ауданы аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, 8 775 138 2877

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жеңіс.ісшаралар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14

Қазақстан және дін: догматтар мен адам құқықтарының үйлесімі

Бүгін 17:09

Сопылық және заманауи қауіпті ағымдар: руханият пен экстремизм арасындағы шекара

Бүгін 17:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика