Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Жексембек Еркімбековтың 95 жылдығы аталып...

Алматыда Жексембек Еркімбековтың 95 жылдығы аталып өтті

Мәдени Алматы 27.01.2025, 13:06 1,040
Алматыда Жексембек Еркімбековтың 95 жылдығы аталып өтті
Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық филармониясы
 

Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында Қазақстанның Мемлекеттік және қоғам қайраткері Жексембек Еркімбековтың 95 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті. Бұл шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор және пианист Серік Еркімбеков өзінің «Отаным» атты авторлық концертімен белгіледі. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Жексембек Еркімбеков 1966-1987 жылдары Қазақстанның Мәдениет министрлігінде басшылық қызметтер атқарып, 10 жылдан астам уақыт министр болған. Оның басшылығы кезінде Алматы қаласында 200-ге жуық мәдениет мекемелері мен ғимараттар бой көтеріп, ел мәдениетінің дамуына ерекше үлес қосылды.

Кеште Мемлекеттік симфониялық оркестр мен Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы дирижерлер Қанат Омаров пен Бейімбет Демеуовтың жетекшілігімен өнер көрсетті. Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Талғат Мұсабаев, Мейір Байнеш, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Мұқият, Париждегі халықаралық байқаудың жеңімпазы Нұргүл Нүсіпжан және өзге де талантты өнерпаздар концерттің көркін ашты.

Бағдарлама барысында Серік Еркімбековтың «Шәкәрім» симфониясы, «Мәңгілік алау» балетінен пролог және өзге де шығармалары орындалды. Көрермендер бұл шығармаларды жылы қабылдап, филармония ұжымының өнеріне жоғары баға берді.

Композитор Серік Еркімбеков өз сөзінде бұл кештің ерекше маңыздылығын атап өтті:

– «Бұл концерт менің әкем – мемлекеттік және қоғам қайраткері Жексембек Еркімбековтың 95 жылдығына арналды. Әкемнің ел мәдениетін дамытудағы еңбегі ұшан-теңіз. Бүгінгі концертте әкемнің замандастары мен өнер саласындағы белгілі тұлғалар жиналды. Біз бұл шараға бір жылдан астам уақыт дайындалдық және көрерменнің ыстық ықыласын сезіндік», – деді ол.

Театртанушы және өнертану кандидаты Амангелді Мұқан Жексембек Еркімбековтың қазақ мәдениетіне қосқан үлесін ерекше атап өтті:

– «Жексембек Еркімбеков – қазақ мәдениеті мен өнерінің жанашыры. Ол 80-90 жылдары Республика сарайы, театрлар және өзге де мәдени нысандардың салынуына ерекше еңбек сіңірген тұлға. Оның кәсіби және дәстүрлі өнерді дамытудағы үлесі өлшеусіз», – деді ол.

Кеште Жексембек Еркімбековтың замандастары, отбасы мүшелері мен әріптестері де болды. Олардың қатысуы қайраткердің ел тарихындағы маңыздылығын тағы да айқындай түсті. Бұл кеш Жексембек Еркімбековтың қазақ мәдениетінің дамуына қосқан сүбелі үлесін еске салып, оның есімін өнер әлемінде жаңғыртты.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәдениет министрі #Жексембек Еркімбеков #қазақ мәдениеті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Бүгін 22:23

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді

Бүгін 22:15

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Бүгін 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Бүгін 16:49

Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуыл жасамау туралы шешімін құптады

Бүгін 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі