Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жазықсыз қамалған 36 адам бостандыққа шық...

Алматыда жазықсыз қамалған 36 адам бостандыққа шықты

Әлеумет 01.02.2022, 16:16 1,165
Алматыда жазықсыз қамалған 36 адам бостандыққа шықты
Сурет: Almaty.tv

Қазақстан бойынша жазықсыз ұсталғандардың саны 800 адамнан асады екен.


Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде негізсіз қудалауға ұшыраған 36 адам тергеу изоляторынан босап шықты. Бұл туралы бүгін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнайы брифинг өткізген «Аманат» қоғамдық комиссиясының жетекшісі Абзал Құспан мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап. 


Заңгерлердің сөзінше, қазір Түрксіб ауданындағы 155/18 сотқа дейінгі тергеу изоляторында Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікке ілінген 200-ден астам адам бар екен. Қоғамдық комиссия тобы олардың 60-ының кінәсі жоқ екенін айтып, қалалық прокуратураға босату туралы арыз берген. Қазір бұл арыз-шағымдар қаралып жатыр. Бүгінде бейбіт шеру кезінде ұсталғандарға Қылмыстық кодекстің 272-бабы бойынша іс қозғалған. Заң саласының мамандары олардың алдағы уақытта толық ақталып шығуына мүмкіндік бар екенін айтады.  



«272-бап үш бөлімнен тұрады. Біріншісі - ұйымдастырушыларға, екіншісі - қатысушыларға, үшіншісі - арандатушыларға қатысты көзделген жауапкершілік. Біз негізгі акцентті осы 272-баптың 2-бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарға қатысты қойып отырмыз. Өйткені, негізгі санды да осы бөлімдер беріп отыр. Яғни, белгісіз ұйымдастырушылар мен бізге белгісіз арандатушылардың сөзіне еріп, абайсызда арандап қалған азаматтар құрайды», - деді «Аманат» қоғамдық комиссиясының жетекшісі Абзал Құспан.   



Президент әкімшілігінің қолдауымен жұмысын бастаған «Аманат» қоғамдық комиссиясы енді осы жұмысын еліміздің басқа да өңірлерінде жалғастырмақ ниетте. Комиссия мүшелерінің сөзінше, еліміз бойынша жазықсыз ұсталғандардың саны 800 адамнан асады екен. Олардың көпшілігі — жаралылар. Сол себепті олардың ем-домды тергеу изоляторында емес, үйінде қабылдауына жағдай жасамақ. Заңгерлер босатылғандардың қоғамға ешқандай зияны жоқ екенін айтады. Одан бөлек, Алматыда «Аманат» қоғамдық комиссиясының атын жамылып, жазықсыз отырғандарды шығаруға ақша сұрап, өздерін жарнамалап жүргендер де бар екен.    



- «Аманат» комиссиясының жұмысы тегін, ақысыз. Біз ешқандай ақша, құнды заттар алмаймыз. Бізге марапаттау, сыйақы керек емес. Біз комиссия мүшесіміз деп келіп, досыңызды, туысыңызды, танысыңызды шығарып береміз деп келгендерге алданып қалмауларыңызды сұраймыз», - деді «Аманат» қоғамдық комиссиясының мүшесі Мәди Мырзағараев. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #заңгер #бостандық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Донорлыққа келісім бергендердің саны көбейді

Бүгін 11:05

Бос жұмыс орындарының саны 3,7%-ға азайған

Бүгін 10:43

Дубайға ұшатын рейстер тоқтатылды

Бүгін 10:26

Қазақстанда 92 учаскеде таңғы сағат 06:00-де дауыс беру басталады

Бүгін 10:07

Алматылық суррогат ана қытайлықтардан сыйақысын ала алмай жүр

Бүгін 09:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика