Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Алматыда жазушы, сыншы Әшірбек Сығайдың құрметіне...

Алматыда жазушы, сыншы Әшірбек Сығайдың құрметіне мемориалды тақта орнатылды

Тұлға 25.03.2022, 08:00 2,353
Алматыда жазушы, сыншы Әшірбек Сығайдың құрметіне мемориалды тақта орнатылды
almaty-akshamy.kz

Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, театр сыншысы, профессор Әшірбек Сығайдың құрметіне орнатылған мемориалды тақта салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



«Бұл тарихи маңызды шешім деп есептеймін. Бүгін аса көрнекті театр ұйымдастырушысына және сыншысына, қазақ өнерінің шынайы жанкүйеріне ескерткіш тақта орнатылды. Әшірбек ағаның шығармашылық өмірі біздің сүйікті қаламызбен тығыз байланысты. Оның есімі, мұрасы халқымыздың жадында, шәкірттерінің есінде мәңгі қалады», – деп атап өтті Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.




Театр сыншысын еске алуға танымал өнер қайраткерлері, оның ішінде Асанәлі Әшімов, Дулат Исабеков, Ұлықбек Есдәулет, Медетбек Темірхан, Нұрлан Оразалин, Есмұхан Обаев, Елубай Смағұл, Қали Сәрсенбай, Хафиз Есімов, Бақыт Бөкебай, Еркін Жуасбек, Талғат Есеналиев, т.б жазушылар мен әртістер келді.


 Мемориалдық тақта белгілі театр сыншысы 1980-1999 жылдар аралығында 20 жылға жуық тұрған Жібек Жолы даңғылы, 12А (С.Мәуленов көшесінің қиылысы) мекенжайындағы үйдің қабырғасына орнатылды.



Әшірбек Сығай - Қазақстанның сахна өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан қазақ театртану ғылымының негізін салушылардың бірі, «Іңкәр шақ» (1978), «Сыр сандық», «Сахнаға сапар», «Жарнама алдындағы ой», «Сахна саңлақтары» (1998), «Театр тағылымы» (2003), «Ән - тағдыр», «Таңғажайып театр», тағы басқа шығармалардың авторы. Оның еңбектері өнер және театр теориясы саласындағы оқулықтарға айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әшірбек #Тақта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

12 жасқа дейінгі балаларға паспорт 5 жылға беріледі

Бүгін 16:09

Доллар арзандап кетті

Бүгін 16:03

Қазына іздеген қазақтар

Бүгін 15:50

Тоқаев Саясат Нұрбекті қабылдады

Бүгін 15:17

Алматыда ЮНИСЕФ-тің патронаждық қызметті дамыту жөніндегі кеңесі өтіп жатыр

Бүгін 14:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика