ffin.kz

Алматыда жазғы каникул кезінде оқушылар немен айналысады  және қалай демалады?

Алматыда жазғы каникул кезінде оқушылар немен айналысады  және қалай демалады? almaty-akshamy.kz

Жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің толық жұмыспен қамтылуын және дұрыс уақыт өткізуін қамтамасыз ету, олардың қадағалаусыз және бақылаусыз қалуына жол бермеу мақсатында қаланың барлық орта білім беру ұйымдарында жұмыс ұйымдастырылатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Спикер үздіксіз білім беру жүйесінде жазғы демалыстар балалар мен жасөспірімдерді дамыту, тәрбиелеу және сауықтыру маңызды рөл атқаратынын келесі оқу жылына оларға тың серпін беретінін атап өтті.



«Каникул кезінде  ұйымдастырылған демалыс – бұл, ең алдымен, олардың әлеуметтік қорғалуы. Жазғы демалыс кезінде балалардың жарақаттануы, құқық бұзушылық, жасөспірімдердің зиянды әдеттерге жүгіну қаупі артады»,  - деді Қ. Жұманов.



Ол жаз кезеңінде балалармен көшеде, жолдарда, суда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын жетілдіру, өрт қауіпсіздігі қағидалары бойынша, балалардың жол-көлік жарақаттануын, агрессивтілік пен алаңдаушылықты болдырмау бойынша, сондай-ақ жазатайым оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша педагогтердің жұмысы жалғастырылатынын хабарлады.


Қаланың барлық мектептерінде жазғы демалыс кезінде балалардың демалысы және еңбекпен қамтылуы  ұйымдастырырылады. Бұл шаралар Қазақстан Республикасы Балалар жылына арналған жазғы демалыс уақытында балалардың демалысын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру туралы «Алматы балаларының жазы – үлкен арманға жасалған шағын қадам!» тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асады. Тұжырымдаманың мақсаты - бәсекеге қабілетті тұлғаны дамытудың шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағдарламаларын іске асыру мақсатында балалардың жазғы демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу.


Жазғы кезеңде алматылық оқушыларды жұмыспен қамту бірнеше бағыттар бойынша ұйымдастырылады.



Бірінші – 26 мамырдан 17 маусымға дейін 1-8 сынып оқушылары үшін оқушылардың жоғалтқан білімінің орнын толтыратын жазғы мектеп жұмыс істейтін болады. Жазғы мектепте оқу сабақтарынан басқа дене шынықтыру минуттары, қозғалмалы ойындар, флешмобтар көзделеді. Шамамен қамтылатын оқушылар саны 30 мыңнан астам адамды құрайды.


Екінші – 7-13 жастағы балаларға арналған жазғы мектеп жанындағы лагерь екі нұсқада: толық күнге тамақпен және толық емес күнге тамақтанусыз. Жұмыс уақыты-2022 жылғы 1 маусымнан 27 тамызға дейін. 26 мыңнан астам бала қамтылады.


Үшінші – мектептерде спорттық секциялар, үйірмелер, студиялар, оқырман клубтары мен мектеп кітапханалары жұмыс істейтін болады. Білім беру ұйымдарында жазғы кезеңде барлығы 1150 үйірме мен секция (бейнелеу өнері, мүсіндеу, тоқу, қолданбалы өнер, спорт секциялары) жұмыс істейтін болады. Қамту 28 мыңнан астам баланы құрайды.


Төртінші – Алматыда жазда балалармен қоса қосымша білім беру ұйымдары (Оқушылар сарайы, алты оқушылар үйі, 44 жеке қосымша білім беру ұйымдары) жұмыс істейтін болады. Жазғы демалыс кезеңінде балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында барлығы 1200-ге жуық үйірмелер мен секциялар қолжетімді болады. Қамту 28 мыңнан астам баланы құрайды.



Сонымен қатар, алматылық оқушылар каникул кезінде қалалық және қала сыртындағы балалар лагерлерінде демала алады. Балалардың жазғы демалысы бюджет қаражаты есебінен де, коммерциялық негізде де ұйымдастырылады. Сауықтыру демалысымен бірінші кезекте әлеуметтік осал санаттағы балалар: көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар қамтылады. Жалпы, 33 мыңнан астам бала қамтылады.


Алматы қаласы білім басқармасы басшысы орынбасарының айтуынша, барлық білім беру ұйымдарына ұсынымдары, нұсқаулықтары, жадынамалары бар нұсқаулық-әдістемелік хаттар жолданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53