конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда жазалы балалар «Көңілді старт» жарысында...

Алматыда жазалы балалар «Көңілді старт» жарысында жеңімпаз атанды

Спорт 06.04.2023, 10:33 1,549
Алматыда жазалы балалар  «Көңілді старт» жарысында жеңімпаз атанды
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы ҚАЖ департаменті №11 мекемесіндегі жазасын өтеуші жасөспірімдер мен Алматы дизайн және сән колледжінің, Алматы логистика және көлік академиясының колледжі студенттері арасында “Көңілді старт” спорт жарысы өтті.


Бес тур бойынша ұйымдастырылған жарыста жазалы балалар мен студенттер қол күресі, арқан тарту, кір тасын көтеру, турникке тартылу сияқты спорттық ойындардан күш сынасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Ойын соңында командалардың жалпы ұпайы тең түскендіктен, төрешілер жеңімпаз команданы шағын футболдан жарыстырып анықтады. Тартысты өткен командалық жарыста №11 мекемесінің командасы жеңіске жетті. Төрешілердің шешімі бойынша, бірінші орынға №11 мекемесінің командасы ие болса, 2-орынға Алматы логистика және көлік академиясының колледжі, 3-орынға Алматы дизайн және мода колледжі ие болды.


№11 мекемесі сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің карантин бөлімінің бастығы С.Бектеміров ұйымдастырған “Көңілді старт” спорт жарысының мазмұнды өтуіне Алматы дизайн және сән колледжі, Алматы логистика және көлік академиясы колледжінің тренерлері Мадияр Сейітов пен Барах Мейрамбек, Қасым Еділ белсене атсалысты. Жарыс соңында жеңімпаз командаларға мекеме бастығының алғыс хаттары табысталды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көңілді старт #спорт жарысы #жазалы балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Бүгін 19:55

Әлеуметтік мемлекет: Қазақстан азаматтарына көрсетілетін қолдаудың ауқымы қандай?

Бүгін 19:45

Алматыда «ALMATY CIRCUS FESTIVAL» халықаралық фестивалі аясында әлемдік цирк өнерінің жұлдыздары өнер көрсетеді

Бүгін 18:06

Ұлы Жібек жолының ізімен: The Marco Polo Project халықаралық экспедициясы Алматыға келді

Бүгін 18:01

Жыл басынан бері Алматыдағы комьюнити орталықтарына 344 мыңнан астам жас барды

Бүгін 15:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);