AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Жасыл мобильділік апталығы» басталады –...

Алматыда «Жасыл мобильділік апталығы» басталады – қала тұрғындары экологиялық сапарларға атсалысуға шақырылады

Барлығы 16.08.2025, 12:27 817 Сұлу
Алматыда «Жасыл мобильділік апталығы» басталады – қала тұрғындары экологиялық сапарларға атсалысуға шақырылады
Алматы әкімдігі
Алматыда «Жасыл мобильділік апталығы» ашылады. Бұл «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы қайырымдылық іс-шарасы, оны Yutong компаниясы Алматы қаласы әкімдігі және Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырады. Салтанатты ашылу рәсімі 16 тамызда сағат 17:00-де Панфилов көшесінде өтеді.
 
Іс-шараның тақырыбы «Let’s Go Green – Yutong Алматы қаласы әкімдігі және Қытайдың Алматыдағы Бас консулдығымен бірге қаланың экологиясын қорғауға үлес қосады». Басты мақсат – экологиялық таза көлік түрлерін насихаттау және қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қоғам назарын аудару. Ұйымдастырушылардың пікірінше, мегаполистің болашағы жасыл көлікте, ал өзгеріс әр адамның саналы түрде таңдауынан басталады.
 
Қонақтар үшін мазмұнды әрі интерактивті бағдарлама әзірленді:
• «Велосипед-дробилка» – пластикалық қалдықтарды педаль қуатының көмегімен қайта өңдеудің ерекше тәсілі;
• Пластикті қайта өңдеу бойынша шеберлік сабағы және екінші рет өңдеу технологиясымен таныстыру;
• VR-тәжірибе – жасыл технология әлеміне виртуалды саяхат;
• «Жасыл көлік» балаларға арналған шеберлік сабағы, ең кішкентай қатысушыларға арналған шығармашылық іс-шара;
• Yutong компаниясы, әкімдік және ҚХР Бас консулдығы өкілдерімен танысу мен пікір алмасу.
 
Іс-шара бағдарламасы:
• 16:45–17:00 – Қатысушылардың жиналуы
• 17:00–17:05 – Жүргізушінің кіріспе сөзі
• 17:05–17:15 – Алматы қаласы әкімдігі өкілінің сөзі
• 17:15–17:25 – Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы өкілінің құттықтау сөзі
• 17:25–17:35 – Yutong компаниясының өкілі іс-шара бағдарламасын таныстырады
• 17:35–17:40 – Таспа қию рәсімі
• 17:40–17:45 – Естелікке суретке түсу
• 17:45–18:30 – Барлық қонаққа арналған экологиялық белсенділіктер
 
Ұйымдастырушылар Алматы тұрғындары мен қонақтарын апта бойы өтетін іс-шараларға қатысып, экологиялық көлік түрін қолданып көруге және экологияға қамқор болудың қызықты әрі қолжетімді екеніне көз жеткізуге шақырады.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Кеше 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Кеше 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);