конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жастар саясаты саласындағы жаңа тәсілдер...

Алматыда жастар саясаты саласындағы жаңа тәсілдер талқыланды

Әлеумет 24.02.2022, 13:00 1,512
Алматыда жастар саясаты саласындағы жаңа тәсілдер талқыланды
Сурет: Gov.kz

Жастар заңнаманы жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын енгізе алады. 


Алматыда мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі заң жобасының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Шара барысында ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға жастар ұйымдарының, ресурстық орталықтардың өкілдері, жас белсенділер мен жас көшбасшылар қатысты.



«Кездесуге аталмыш заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев пен Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов қатысты», - делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Жастар өкілдерінің бастамасы бойынша заң жобасы және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде талқылауға кең ауқымды мәселелер ұсынылды. Олардың ішінде кәсіпкерлікті дамыту, жас отбасыларды қолдау, шығармашылық және креативті индустрияны дамыту үшін жағдай жасау және т.б. Сонымен қатар, жастардың жасын 35-ке дейін ұлғайту қажеттігі туралы мәселе көтеріліп, басқарушылық шешімдер қабылдау процестерінің ашықтығын арттыру, қоғамдық ұйымдар мен тәуелсіз сарапшыларды әлеуметтік-экономикалық реформаларды талқылауға тарту мәселесі де талқыланды.



«Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» ҚҚ басшысы Ирина Медникова жастар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі мәселелерін шешуде жаңа тәсілдер енгізуді ұсынды.



Алмалы аудандық Жастар ресурстық орталығының үйлестірушісі Бауыржан Маханбет Алматы мектептеріне ЖОО студенттері келіп қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша факультативтер мен бірқатар пайдалы курстарды өткізуін ұсынды.


Қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінде осы заң жобасын қарау бойынша жұмыс жүргізілуде. Оның аясында жас қазақстандықтар мемлекеттік жастар саясаты туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізе алады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #заң #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстанның елшіліктерінде ауыс-түйіс жасады

Бүгін 11:10

Алматылықтарға әлеуметтік қолдау саласында 23 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Бүгін 10:57

Алматыдағы балалар колониясында имандылыққа үндейтін дәріс өтті

Бүгін 10:05

Жұма күні ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:05

Алматыда жүректің кенет тоқтау қаупі жоғары пациентке тері асты кардиовертер-дефибриллятор имплантатталды

Кеше 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);