AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда «Жас турист» VII Халықаралық этно-эко экс...

Алматыда «Жас турист» VII Халықаралық этно-эко экскурсиялық-спорттық туристік сайысы өз жұмысын аяқтады

Білім және ғылым 13.06.2025, 15:59 880 dulatbekova
Алматыда «Жас турист» VII Халықаралық этно-эко экскурсиялық-спорттық туристік сайысы өз жұмысын аяқтады
Cурет:Алматы қаласының Білім басқармасы

2025 жыл  Жұмысшы мамандықтары жылының аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің, Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында «Туризм» мамандығы бойынша «Жас турист» VII Халықаралық этно-эко экскурсиялық-спорттық туристік сайысы өз жұмысын аяқтады.

Екі күн бойы Алматы, Астана, Ақтау, Байқоңыр, Түркістан, Текелі қалалары мен Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген «Туризм» мамандығының колледж студенттері туристік жабдықтарды пайдаланып, кедергілерден өтті. Сайыс Бутаковка шатқалында, «Лесничество»  оқу-жаттығу базасында өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Сайыс қорытындысы бойынша Текелі кәсіптік колледжі командасы 1 орын, Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі командасы 2-орын, Астана политехникалық колледжі командасы 3-орын иеленді.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар, сондай-ақ командалар жетекшілері дипломдармен, сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шараның негізгі мақсаты – ішкі туризмді дамыту, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, жастардың денсаулығын нығайту, рухани және табиғи жетілуін қамтамасыз ету.

Сайыс Қазақстанның халықаралық деңгейде танымалдылығын арттыру, кіріс туризмін дамыту, этнотуризм мен салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ туристік-өлкетану қызметін ұйымдастырудағы озық тәжірибені анықтау және тарату мақсатында өткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жас турист #туристік сайыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);