AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда «Жас қанат» байқауы өтеді

Алматыда «Жас қанат» байқауы өтеді

Мәдениет 29.05.2023, 13:51 1,841
Алматыда «Жас қанат» байқауы өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгінгі жеребеде көз жасы да, қуаныш та қатар жүрді


Бүгін Алматыдағы Республика сарайында 1-3 маусым аралығында өтетін 29-шы Республикалық «Жас қанат» жас орындаушылар байқауының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Бүгін «Жас қанат. Балалар» қатысушыларының сахнаға шығу тәртібі мен негізгі конкурсанттардың бірінші байқау күні сахнаға шығу тәртібі анықталды. Екінші жарыс күнінің жеребе тарту рәсімі бірінші күннен кейін өтеді. Ал үшінші финалдық жарыс күнінде байқау қазылар алқасы тек 7 үздік финалистерді бағалайды.


Бүгінгі жеребеде көз жасы да, қуаныш та қатар жүрді. Мұндай салмақты шараны ашу үлкен мәртебе және жауапкершілік. Қатысушыларды жиналғандар жылы қолдап отырды.



«Біз қаламызда байқаудың қайта жанданып, жаңа таланттардың жарқырағанын қалаймыз», - деді құттықтау сөзінде бас продюсер Арманжан Байтасов. «Осы байқаудың және қайта жанданған «Азия дауысы» фестивалінің арқасында Алматымыз бұдан да жақсырақ танылмақ».



Жеребе тартушыларға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тілегін қалалық мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев жеткізді. Ол байқаудың туған жеріне оралғанына қала әкімдігі қуанышты екенін атап өтті. «Қатысушыларға кәсіби қазылар алқасының қатаң іріктеуінен өту оңай болмағанын білеміз. Алматыға қош келдіңіздер және баршаларыңызға сәттілік тілейміз. Бұл шілденің соңында өтетін «Азия дауысы» сияқты қала үшін зәкірлік жобаға назар аудартуы керек», - деді Ғани Майлыбаев. Айтпақшы, «Жас қанат» байқау күндерінің бірі туған қаласы Алматыға арналмақ.


Ал қазылар алқасының төрағасы Медеу Арынбаев конкурсанттарға «Қазылар алқасын өз талантымен қуантып қана қоймай, көрермендердің жүрегін жаулау маңызды» деген жылы тілегін білдірді.


Жеребе соңында «Жас қанат-2019» байқауының жеңімпазы Дидар Әбдіхалық өз әндерімен тәнті етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жас қанат #байқау #ән
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);