Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда жаңа учаскелік полиция пункттері пайда б...

Алматыда жаңа учаскелік полиция пункттері пайда болады

Заң мен тəртіп 31.03.2023, 16:07 906
Алматыда жаңа учаскелік полиция пункттері  пайда болады
Сурет: Gov.kz

«Қолжетімді полиция» қағидасын іске асыру жолға қойылған. 


Жаңа учаскелік полиция пункттерінің орналасқан жерін Алматы қалалық ПД-да жариялады,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Алматы полициясы бастығының айтуынша, қала әкімдігінің қолдауымен тұрғын үй алаптарының кеңеюіне, қала аумағының ұлғаюына және халық санының артуына байланысты, халықаралық стандарттардың барлық талаптарына жауап беретін учаскелік полиция пункттерінің заманауи 10 жаңа ғимаратын салу жоспарланып отыр.



«Әлеуметтік жауапкершілік аясында бүгін біз құрылыс компаниясымен ауызша келісімге келдік, ол салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен ауданы шамамен 30-40 шаршы метрді құрайтын үй-жайларды беретін болады. Үй салушы “таза” әрлеуді және ​​ғимаратты қажетті жиһазбен жабдықтауды өз мойнына алады. Аулалар мен кіреберістердегі, сондай-ақ іргелес аумақтағы барлық камералар осы полиция пунктеріне шығарылатын болады. Бұл ғимараттар полицияға уақытша пайдалануға беріледі. Учаскелік полиция пункттерінің ашылуы осы тұрғын үй кешендерінің тұрғындарын қажетті учаскелік полиция инспекторларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз осы ТҮ тұрғындарының арасынан “халық жасағы” институтын жандандырғымыз келеді», – деді Арыстанғани Заппаров.



Бұл шаралар бірінші кезекте полицияның құқық бұзушылық деректеріне жедел ден қоюына және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ “Қолжетімді полиция” қағидасын іске асыруға бағытталған.


Анықтама үшін: “Теремки” ТҮ кешенінде, “City Plus” ТҮ кешенінде, “Alma City 5” ТҮ кешенінде және “City Park” ТҮ кешенінде жаңа учаскелік полиция пункттері пайда болады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция пункттері #орналасу орындары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика