ffin.kz

Алматыда жаңа Қоғамдық кеңестің құрамы жасақталуда

Алматыда жаңа Қоғамдық кеңестің құрамы жасақталуда Суреттер: Almaty-akshamy.kz

Кандидаттардан өтінімдерді қабылдау күні жарияланды және оларға қойылатын талаптар айтылды.


Алматыда қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қоғамдық кеңес мүшелерінің құрамына биыл 39 адам кіреді, оның ішінде 36 азаматтық қоғам өкілдері, 3 мемлекеттік органдардың өкілдері бар.

Қоғамдық кеңестің құрамына енгізу үшін құжаттар Алматы қаласының мәслихатына 2022 жылғы 6-19 сәуір аралығында дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін) мына мекенжай бойынша беріледі: A15H9H0 (050057), Алматы қаласы, Жароков көшесі, 215, кабинет 311. Анықтама телефондары: 8 (727) 380 04 03, E-mail: orgotdel@maslihat-almaty.kz





Алматы қаласы мәслихатының баспасөз қызметінің хабарлауынша, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады::
1) азаматтың Қоғамдық кеңестің құрамына өз кандидатурасын ұсыну туралы өтініші;
2) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы (болған жағдайда);
3) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады;
4) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
5) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың (аурулардың) болмауы туралы анықтама.
Кандидаттар мынадай жағдайларда конкурсқа жіберілмейді:
1) құжаттар топтамасын уақтылы ұсынбау немесе толық ұсынбау;
2) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну арқылы жүзеге асырылады;
3) ҚР "Қоғамдық кеңестер туралы" заңының 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін кандидаттар.
 Құжаттарды барлық ниет білдірген азаматтар 6-19 сәуір аралығында тапсыра алады. 
Өтініш нысандары бар толық хабарландыру   "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінің 5 сәуірдегі нөмірлерінде, сондай-ақ мәслихат сайтында орналастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05