Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жаңа мамандықтар талқыланды

Алматыда жаңа мамандықтар талқыланды

Әлеумет 08.09.2025, 11:31 520
Алматыда жаңа мамандықтар талқыланды
aqshamnews.kz

Алматыда жаңа мамандықтар мен құзыреттерді техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгі­зу мәселесі қаралған форсайт-сессия өтті. Іс-шараға «Атамекен» ҰКП, «Ма­мандығым – Болашағым» жобалық офисі, салалық қауымдастықтар, ҮЕҰ, сондай-ақ колледж басшылары мен оқытушылар қатысты. 

Жиында креативті индустриялар, ақ­парат және байланыс, сервис пен қонақүй бизнесі, құрылыс пен урбанистика, көлік пен логистика және білім беру сынды алты негізгі салаға назар аударылды.

Алматы Құрылыс және менеджмент колледжі директорының орынбасары Жұ­харгүл Аблизованың айтуынша, құрылыс саласы қарқынды өзгерістерге ұшырап отыр.

– Жаңа мамандықтар атласына осы бағыт бойынша 11 позиция енгізілді. Олардың қатарында сити-менеджер, 3D-ғимараттар жобалаушысы, өндірісті роботтандыру маманы бар. Бұл еңбек нарығының нақты сұранысына сай ке­леді, – дейді Жұхаргүл Аблизова.

Қонақүй және туризм индустриясы колледжі кәсіби оқыту жөніндегі директорының орынбасары Лилия Рахимгерее­ва да өз саласындағы өзгерістерді атап өтті:

– Қонақүй индустриясында көптеген дәстүрлі мамандықтар жойылып, жаңа бағыттар пайда болуда. Экология, авто­маттандыру, цифрлық қызметтер – басты трендтер. Тек біздің сала бойынша атлас­қа 21 мамандық енгізілді. Биыл алғаш рет «дестинацияны басқару» атты жаңа ма­мандық ашылып, ішкі туризмді дамытуға бағытталды, – деді ол.

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Ғылыми-әдістемелік орталықтың техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Гүлнар Сүлейменова қорытындысында Жаңа буынның еңбек нарығына дайын болуына колледждер мен жұмыс берушілердің бірлескен еңбегі қажет екенін баса белгілеп өтті. Ол фо­румда 114 перспективалы мамандығы зерделеніп, соның ішінде 69 позицияны енгізу жоспарланғанына тоқталды:

– Бұлар 4 мамандық, 29 құзырет, 26 модуль және 11 оқу нәтижесі. Бұл қатарда виртуалды саяхат дизайнері, құрылыс са­ласындағы роботтандыру мамандары бар. Жаңа буынның еңбек нарығына дайын болуына колледждер мен жұмыс беруші­лердің бірлескен еңбегі қажет, – деді ол.

Форсайт-сессия қорытындысында білім беру бағдарламалары мен стандарт­тарын жаңғырту жалғасатыны белгілі болды. Мақсат – Алматыдағы білім беру жүйесін цифрлық экономиканың талапта­рына бейімдеп, жұмыс берушілердің сұ­ранысына сай кадрлар даярлау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім #еңбек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика