Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда жаңа кітапханалар, мұражайлар мен театрла...

Алматыда жаңа кітапханалар, мұражайлар мен театрлар салынады

Мәдени Алматы 08.10.2025, 21:49 899
Алматыда жаңа кітапханалар, мұражайлар мен театрлар салынады
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы мәдениеттің жаңа форматтағы елдің рухани жүрегі ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді.

Алдағы жылдары қалада жаңа кітапханалар, мұражайлар мен театрлар ашылып, тарихи нысандар жаңғыртылып, заманауи мәдени кеңістіктер құрылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында айтты.

«Мәдениет – бұл қаланың келбеті. Алматы әрдайым шығармашыл адамдарды біріктіретін рухани орталық болып келді және қаладағы әр аудан осы мәдени энергияны сезінетіндей жағдай жасау бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деді Азамат Қалдыбеков.

Бүгінде Алматыда театрлар мен мұражайлардан бастап галереялар мен кітапханаларға дейін 100-ден астам мәдениет мекемесі жұмыс істейді. Оларды жыл сайын миллиондаған қала тұрғындары мен қонақтары тамашалайды. Ал алдағы жылдары бұл көрсеткіш ауқымды жаңғыртулардың арқасында арта түспек.

25 жылдан бері алғаш рет Қазақ мемлекеттік циркінде кешенді реконструкция басталды. Аңызға айналған ғимараттың тарихи келбеті сақталып, ішкі құрылымы – инженерлік жүйелерден бастап көрермен залына дейін – толық жаңартылады. Сонымен қатар, Наталья Сац атындағы орыс балалар және жасөспірімдер театры мен дәстүрлі өнер театры «Алатау» күрделі жөндеуден өтуде.

Алматының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 97% филиалы жаңғыртудан өтті: мұнда өздігінен кітап алу станциялары, цифрлық технологиялар және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған оқу залдары ашылды.
2025 жылдың соңына дейін қаладағы бес ауданда мектептер мен тұрғын кешендердің жанында жаңа заманауи кітапханалар ашылады.

«Қазіргі кітапхана – бұл жай ғана кітап сөрелері емес, ол – қарым-қатынас пен өзін-өзі дамытуға арналған интеллектуалды кеңістік», – деп атап өтті Мәдениет басқармасында.

Жыл соңына дейін Observatorium мұражайы ашылып, «Райымбек батыр» мұражай кешенінің құрылысы аяқталады.
Сондай-ақ, сақ мәдениеті орталығын, Жастар театрын құру және 2030 жылға дейін қала бойынша 20 жаңа кітапхана ашу жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәдениет #кітапхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мәдениет қайраткерлері референдум туралы: конституция қазақша сөйледі

Бүгін 13:38

Алматының қоғамға белгілі тұлғалары дауыс беруге шақырды

Бүгін 13:31

Алматылықтар мүгедектікті белгілеуге онлайн жазыла алады

Бүгін 12:46

Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болып есептеледі

Бүгін 12:26

Елімізде жеке детективтер институты болуы мүмкін

Бүгін 11:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі