Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда жаңа форматтағы мектептер ашылды

Алматыда жаңа форматтағы мектептер ашылды

Білім және ғылым 28.12.2021, 14:48 2,687
Алматыда жаңа форматтағы мектептер ашылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматының екі ауданында 3300 орындық жаңа мектептер ашылды.


Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде мегаполистің Алатау және Наурызбай аудандарында салынған жаңа оқу орындарын аралап көрді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Б. Сағынтаев Наурызбай ауданының "Қалқаман-2" шағынаудандағы 1800 орындық №206 мектепті аралап көрді. Мектептер заманауи жиһаздармен, қажетті оқу  құрылғыларымен жабдықталған.


Алматы әкімі Б. Сағынтаев Алатау ауданының "Томирис" шағынауданында салынған №205 мектепте де болды. Осы заманауи мектептің іске қосылуы 1500 оқушы орнының тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді.



Оқу орны жиһазбен және оқу техникасымен толық жабдықталған әрі өзінің алғашқы оқушыларын келесі тоқсаннан бастап қабылдауға дайын. Қазіргі кезде оқушылардың тізімі жасалуда.



Айта кетерлігі, жаңа мектептер типтік жобалар бойынша салынбаған. Жобалау кезінде оқу орындарына қойылатын жаңа стандарттар арнайы әзірленіп, қабылданды. Олар заманауи сәулет, ойластырылған кеңістіктік дизайн, кең сыныптар мен қоғамдық кеңістіктері бар эргономикалық интерьермен ерекшеленеді.



Жоба авторлары әр орынның ауқымдылығына қолжеткізуді мақсат етті. Бұған бал ұясы тәрізді кабинеттер есебінен қол жеткізілді. Бұл нысан үй-жайлардың барынша табиғи жарықтандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Кең дәліздер мектеп ішінде еркін жүруге мүмкіндік береді.


Мұнда балалар мен мұғалімдердің жайлылығы үшін барлығы жасалған. Мектептерде спорт залдары, асхана, зертхана және басқа да сыныптар қарастырылған. Аумақтарда стадиондар орналасқан, барлық кеңістіктер барынша  көгалдандырылған.




Мектептер заманауи Face ID қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Ата-аналар балалардың кіруі мен шығуы туралы хабарламалар алады. Үш жағынан кіретін жеке топтар қауіпсіз санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



Еске салсақ, бұрындары Наурызбай ауданынның "Ақжар" шағынауданында №186 мектептің жаңа корпусы ашылған болатын. Келесі жылы "Қалқаман" шағынауданда 1500 орындық мектептің, "Қарғалы" шағынауданындағы «Зерде» жеке меншік мектебінің,  "Шұғыла" шағынауданында 1200 және 1500 орындық екі мектептің, "Құрамыс" шағынауданында 1200 орындық мектептің құрылыстарын аяқтау, №15 санаторлық-мектеп интернатты реконструкциялау жоспарланған.


Сонымен қатар, Алатау ауданында биыл 125 орындық №166 мектептің жаңа корпусы пайдалануға берілді. "Саялы", "Нұркент", "Дархан" және "Рахат-Мәдениет" шағынаудандарында 6300 орындық 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оларды 2022 жылы тапсыру жоспарланған.



Сонымен қатар, "Саялы-2" шағынауданында 550 орындық және "Зерделі" шағынауданында 600 орындық мектеп құрылыстарының ЖСҚ әзірленуде. "Шапағат" шағынауданында 600 орындық мектеп құрылысы үшін №150 мектепке іргелес жер учаскелерін сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Жалпы, Алматыда ағымдағы жылы қалалық бюджет есебінен 18 оқу орны салынды, онда 11 563 оқушы орны құрылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Сағынтаев #мектеп #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика