AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жалпыөңірлік өнім құрылымындағы өңдеу өне...

Алматыда жалпыөңірлік өнім құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 9%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр

Әлеумет 12.09.2022, 07:38 949
Алматыда жалпыөңірлік өнім құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 9%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр
Сурет: Dzhk.kz

Алматы Қазақстандағы кәсіпкерлік бастама орталығы болып табылады.


Алматы қаласын 2025 жылға дейін және орта мерзімді перспективаларды 2030 жылға дейін дамыту бағдарламасының шеңберінде 2030 жылға қарай жалпы өңірлік өнім құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 9%-ға дейін көтеру және тауарлар экспортын 7,4 млрд. АҚШ долларына дейін екі есеге арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазіргі уақытта қала экономикасының құрылымында 35,2%-дық үлеспен сауда, қаржы және сақтандыру қызметі (8,9%), сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (7,3%) басым болып отыр. Өңдеу өнеркәсібі (машина жасау, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдарының құрылысы, фармацевтика жиһаз өндірісі және т.б.) жылдан-жылға тұрақты оң қарқынды көрсете отырып, жалпыөңірлік өнімнің 4,8%-ын қалыптастырып отыр.


Экономиканы сапалы түрде әртараптандыру мақсатында, таяу жылдары мемлекеттік қолдаумен өндірістік үдерістерді автоматтандырудың және цифрландырудың жоғары деңгейі бар шағын технологиялық өндірістер қамтылатын болады, оның өнімдері сыртқы нарықта жоғары бәсекеге қабілеттілігімен ерекшеленеді. Айтпақшы, бүгін Алматы өндірісінің технологиялық деңгейі айтарлықтай, яғни жалпы көлемдегі үлестің 2017 жылы 12,8%-дан 2021 жылы 36,2%-ға дейінгі өсімін көрсетіп отыр.


Басым салалардың әлеуетін ұзарту өнеркәсіптік аумақтарды кеңейту және ескірген жабдықтарды жаңарту, кадрлық әлеуетті (инженерлерді, конструкторларды, жұмысшы мамандықтарын дайындау үшін алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен әріптестік бағдарламаларды) дамыту есебінен, сондай-ақ өнімділікті және бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін жағдайлар жасау жолымен қалыптастырылатын болады.


Бүгінгі күні, Алматы Қазақстандағы кәсіпкерлік бастама орталығы болып табылады. Қалада еліміздің экономикасының бесінші бөлігі және бюджетке түсетін түсімдердің төрттен бір бөлігі қалыптастырылады. Алматыда қажетті еңбек және инфрақұрылым ресурстары бар, бұл қаланы Қазақстанның ең инвестициялық-тартымды өңірлерінің біріне айналдырады. Шағын және орта бизнес дамыған, оның үлесіне өңірлік экономиканың жартысынан көбі (51,4%) тиесілі болып келеді, онда 628,7 мың адам немесе 60,7% экономикалық жағынан белсенді халық жұмыспен қамтылған. Алматының қолайлы инвестициялық ахуалы 2022 жылғы ақпанда «ВВВ» деңгейінде жүргізілген «Fitch Ratings» зерттеуңне сәйкес, жоғары несие рейтингімен расталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жоспар #бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1 шілдеден бастап Алматыда мүгедектігі бар адамдар үшін жаңа нысандардың қолжетімділігіне бақылау күшейтіледі

Бүгін 18:59

Алматыдағы қолжетімді орта: тексерулер қорытындысы бойынша 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Бүгін 18:54

ҚазҰУ мен Журналистика академиясының бірлескен отырысы өтті

Бүгін 17:53

Алматылық дәрігерлер 9 жастағы баланы ажалдан арашалап, бүйрегін сақтап қалды

Бүгін 17:29

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ми институты ашылды

Бүгін 16:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);