AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда жалған жиһаз жасаушы ұсталды

Алматыда жалған жиһаз жасаушы ұсталды

Заң мен тəртіп 21.02.2025, 16:43 871
Алматыда жалған жиһаз жасаушы ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласында халықты алдап, жиһаз жасаймын деген желеумен ақша тапқан алаяқ ұсталды.

"Anti Fraud" жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 40 жастағы ер адамның қулығын әшкереледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

 Ол өз қызметін нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен ұсынып, тапсырысты қысқа мерзімде орындайтынын айтып, тұрғындардың сеніміне кірген. Алайда уәде етілген жиһаз жасалмай, клиенттердің ақшасы да қайтарылмаған.

— Қазіргі таңда оның кемінде 8 адамды алдағаны анықталды. Жалпы шығын көлемі шамамен 5 миллион теңгені құрайды. Дегенмен жәбірленушілер саны бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені кейбір азаматтар түрлі себептермен полицияға арызданбаған болуы ықтимал. Қалай болғанда да аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат қамауға алынды. Айта кету керек, ол құрбандарын негізінен интернет арқылы тапқан, — дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

 Алматы қалалық полиция департаменті азаматтарды сақ болуға, тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем жасаудан бұрын, сатушының сенімділігіне көз жеткізуге шақырады. Егер сіз осындай алаяқтық әрекеттердің құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жалған жиһаз жасаушы #алаяқ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);