Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 22 б...

Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 22 білім ордасы салынады

Әлеумет 20.07.2023, 03:50 759
Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 22 білім ордасы салынады
almaty-akshamy.kz

Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында 37 мыңнан астам оқушы орны құрылады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысы қала әкімі Ерболат Досаевтың, орынбасарларының, қала аудандары әкімдерінің, басқармалары басшыларының, «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ және т.б. өкілдердің қатысуымен өткен жиында талқыланды.


Жаңа 22 мектеп 37 100 оқушы орнымен қамтамасыз етеді – олардың құрылысы қаланың әртүрлі ауданында жоспарланған. Әкімдік қаланы білім беру мекемелерімен қамтамасыз етудің 3 тетігін пайдаланады: мемлекеттік тапсырыс, жер телімі иелері салған мектепті дайын болғанда сатып алу және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы құрылыс.


Мемлекеттік бюджет есебінен 23 100 оқушыға арналған 13 мектеп және тағы 8 мектеп (12 мың орындық) салынады, Алматы әкімдігі меншік иелерінен дайын мектепті сатып алады. Алғабас шағын ауданында 2000 оқушыға арналған мектеп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бой көтереді. 



Жобаны іске асыруға «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жауапты. Қазіргі уақытта мемлекеттік қордың балансындағы 10 жер учаскені қала әкімдігі тапсырысты орындаушыға берді. Екі учаске қолданыстағы ескі мектеп ғимараттарын (№97 және №154 лицей) бұзғаннан кейін беріледі. Алматы әкімі бұзу рәсімін 1 тамызға дейін аяқтауды тапсырды. Розыбакиев-Левитан көшелерінің қиылысындағы тағы 1 учаскені сатып алу құны бойынша меншік иесімен келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, оларды 1 тамызға дейін аяқтау жоспарланған және учаске «Samruk-Kazyna Construction» АҚ балансына беріледі.




Қағидада жер телімінің иесі есебінен білім беру мекемесінің ғимаратын салу және қажет болған жағдайда инженерлік желілерді жүргізу көзделген. Қазіргі таңда барлық инвестормен тиісті меморандумдарға қол қойылды, құрылыс жұмыстарын бастау IV тоқсанда жоспарланған.


Жиын қорытындысы бойынша қала әкімі Ерболат Досаев мектептердің құрылысын сапалы жүргізу және уақытылы пайдалануға беру жөніндегі басқармалардың жұмысын жеделдетуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды

Бүгін 14:58

Түркістан облысында мектеп оқушысын көлік қағып кетті

Бүгін 14:34

Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар желісі кеңейтіліп келеді

Бүгін 14:18

Алғыс – бірліктің берік негізі

Бүгін 13:43

Атырауда 83 жастағы енесін өлтірген әйел сотталмайтын болды

Бүгін 12:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі