AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда итальяндық мәдениет институты ашылды

Алматыда итальяндық мәдениет институты ашылды

Әлеумет 06.12.2023, 06:08 1,052
Алматыда итальяндық мәдениет институты ашылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Орталық Азия мен Кавказ өңірінде тұңғыш итальяндық мәдениет институты ашылды. Іс-шараға Алматы қаласы әкімдігінің, дипломатиялық корпустың, Гете институты мен Француз Альянсының, итальяндық қоғамдастықтың, жергілікті бизнес пен мәдениеттің өкілдері қатысты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Қазақстан-Италия арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жылдан асқан, бүгінде елдер арасында саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени ынтымақтастық табысты дамуда. Елдер мен қалалардың жақындасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі өзара мәдени байланыс.




Мәдениет институтының негізгі миссиясы итальян тілі мен мәдениетін насихаттау, жаңа шығармашылық таланттарға назар аудару. Өз қызметі барысында ЖОО итальян тілін үйренуге жәрдемдеседі, итальяндық кітаптарды басып шығаруға қолдау көрсетеді, көрмелер мен фестивальдар ұйымдастырады, музыка, би, кино, театр, әдебиет және т.б. байланысты іс-шараларды жоспарлауда жергілікті мекемелермен ынтымақтастықты жүзеге асырады.




Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі әлем бойынша 86 итальяндық мәдени институттар желісін үйлестіріп, басқарады. Мұндай алғашқы институт 1922 жылы Прагада (Чехия) ашылды. Осы оқу орындарында құрылған сәттен бастап 330 мыңнан астам студент итальян тілін оқыды.




Алматыдағы итальяндық мәдениет институты Италия мен Қазақстанның достас халықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Мәдени өзара іс-қимылдың мысалы ретінде Неапольде биыл 15 қарашадан бастап бір ай бойы Алматы тарихы музейінің «Қазақстан көшпенділері: тарихы мен бүгінә» көрмесі өтіп жатыр, онда итальяндықтар Ұлы Даланың тарихымен және мәдениетімен таныса алады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Италия #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда осы заманғы академиялық музыка фестивалі өтуде

Бүгін 12:14

Алматыдағы №16 емхананы қайта жаңғырту жұмыстары биыл күзде аяқталады

Бүгін 12:03

Алматыда түнгі ойын-сауық орындарына бақылау күшейтілді: рейд барысында жастар жаппай құқықбұзушылықты анықтады

Бүгін 11:20

Жол апатынан кейінгі ауыр жарақат пен 10 ота: алматылық дәрігерлер науқасты аяғынан тік тұрғызды

Бүгін 10:53

Арманға қанат бітірген орда: Алматы Оқушылар сарайының бүгінгі тынысы

Бүгін 10:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);