Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда Ішкі істер министрі Тәлімгерлер кеңесімен...

Алматыда Ішкі істер министрі Тәлімгерлер кеңесімен кездесті

Заң мен тəртіп 15.01.2025, 11:23 584
Алматыда Ішкі істер министрі Тәлімгерлер кеңесімен кездесті
Сурет: Polisia.kz

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов Алматы қаласына жұмыс сапары аясында 2023 жылы ІІМ бастамасымен құрылған Тәлімгерлер кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді.

Министрдің айтуынша, бұл бастама республика көлемінде кеңінен қолдау тауып, бүгінде еліміздің әр өңірінде 65 тәлімгерлік кеңес табысты жұмыс істеуде. Өткен жылы ғана аудандық кеңестердің 821 отырысы өткізіліп, ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру, тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланған, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

– 2023 жыл кадр ресурстарын жақсарту жылы болып жарияланған еді. Осыған орай, ІІМ басшылығы ардагерлерді жеке құраммен тәрбие жұмысына белсенді тарту міндетін алға қойды. Бүгінде Алматы қаласында ІІМ-нің құрметті қызметкерлері саналатын 13 ардагер полиция департаментінің барлық қызметтері мен бөлімшелерінің кураторлары ретінде бекітілген, – деді Ержан Саденов. 

Министр Тәлімгерлер кеңесінің қызметіне жоғары баға бере отырып, ардагерлердің жас қызметкерлерге адамгершілік, патриоттық және кәсібилік бағытындағы тәрбие берудегі маңызды рөлін атап өтті.

– Құрметті ардагерлер! Сіздер жас полицейлерге Отанға деген сүйіспеншілікті, адалдық пен жоғары кәсібилікті сіңіруде баға жетпес үлес қосып келесіздер. Мемлекет Тәуелсіздігінің бастауында тұрып, Қазақстан полициясының қалыптасуына атсалысқан сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз, даналықтарыңыз және біліктіліктеріңіз бүгінде жаңа форматтағы полиция қызметкерлерін тәрбиелеу ісінде ерекше маңызға ие, – деді министр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ІІМ #Тәлімгерлер кеңесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға кеңес берді

Бүгін 15:45

Күрес түрлерінен Азия чемпионатына кімдер қатысады?

Бүгін 15:26

Атырауда әйел итті күрекпен аяусыз ұрған - видео

Бүгін 14:56

Қарт әкесін азаптаған ер адамға жаза күшейтілді

Бүгін 14:34

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика