Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда инклюзивті кітапханалар ашылды

Алматыда инклюзивті кітапханалар ашылды

Мәдени Алматы 16.01.2025, 09:06 1,356
Алматыда инклюзивті кітапханалар ашылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда көру және есту қабілеті бұзылған адамдарға жеті кітапхана қызмет көрсетеді, олардың ақпаратқа қол жеткізуі үшін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың инклюзивті орта құру жөніндегі тапсырмасы аясында бұл кітапханаларда мәтінді тактильді форматта көрсететін Брайль дисплейлері, Брайль қарпінде басып шығаруға арналған принтерлер, мәтіннің контрастын үлкейтуге және өзгертуге арналған құрылғылар мен мәтінді оқитын, оны дауыстап ойнататын және аудиоформатқа аударатын сканерлер орнатылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Аудиокітаптарды тыңдау ыңғайлы болу үшін кітапханаларда дыбыс сапасы жоғары құлаққаптар да бар. Бұған қоса, бейімделген бағдарламалық жасақтамасы бар компьютерлер орнатылған, бұл көру және есту қабілеті нашар адамдарға ақпаратпен тиімді жұмыс істеуге септігін тигізеді.

Есту және көру қабілеті бұзылған адамдар мына кітапханаларға бара алады: Жамбыл атындағы ҚЖК, «Alatau Creative Hub», Чехов атындағы ОҚК, Қазақстан жазушыларының кітапханасы, сондай-ақ №4, 14 және 45 филиалдар. Бұл жерлерде ақпараттық ресурстарды пайдалану ыңғайлы болу үшін барлық жағдай жасалған. Бастама мәдени нысандарға тең қолжетімділік пен кедергісіз орта құру қағидасы аясында қала әкімінің тапсырмасымен жүзеге асырылды.

Айта кетейік, бұл кітапханаларда көру қабілеті нашар қызметкерлер де жұмыс істейді. Олар оқырмандарға құрал-жабдықты үйренуге, қажетті ресурстарды іздеуге және оқытуға көмек көрсетеді. Бұл жұмыс орындарын құруға және қаланың барлық тұрғыны үшін мәдениет пен білімге деген қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Қала әкімдігінің қолдауымен Алматыны дамытудың Жол картасы аясында кітапхана қызметкерлері Сеулде тағылымдамадан өтіп, кітапханалық қызмет көрсетудің заманауи әдістерін меңгерді, салаға бұл жаңашылдық енгізіле бастады. Былтыр мамандар Германия мен Швейцарияда да тағылымдамадан өтті.

Жалпы, Алматы кітапханаларында 400-ге жуық адам жұмыс істейді. 2023 жылы қала әкімінің бастамасымен қызметкерлердің жалақысы 30%-ға өсті, 2024 жылы жалақы тағы 25%-ға ұлғайды, ал биыл тағы 29%-ға көбейеді. Айта кетейік, қала кітапханаларының 18 жас маманы «Алматы Жастары» бағдарламасы бойынша баспаналы болды.

Қалада әкімдікке қарасты 28 кітапхана жұмыс істейді, оның 95%-ы жаңғыртылған. Жыл сайын Алматы кітапханаларына келушілердің жалпы саны 3 миллионнан асады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кітапхана #жол картасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға кеңес берді

Бүгін 15:45

Күрес түрлерінен Азия чемпионатына кімдер қатысады?

Бүгін 15:26

Атырауда әйел итті күрекпен аяусыз ұрған - видео

Бүгін 14:56

Қарт әкесін азаптаған ер адамға жаза күшейтілді

Бүгін 14:34

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика