Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда иммундау апталығы басталады

Алматыда иммундау апталығы басталады

Медицина 20.04.2023, 08:45 1,638
Алматыда иммундау апталығы басталады
Сурет: Ашық дереккөз

Вакцинопрофилактика – медицинаның ең үлкен жетістігі


23-29 сәуір аралығында мегаполисте иммундау апталығы өтеді. Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Иммундау апталығының мақсаты – тұрғындарды вакцинациямен қамту деңгейін арттыру, халыққа әрбір баланың екпемен алдын алатын аурулардан қорғалуы қажет екенін түсіндіру.



«Вакцинопрофилактика – медицинаның ең үлкен жетістігі және Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде қоғамдық денсаулық сақтаудың экономикалық тиімді шарасы. Вакцинация – халықты жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуынан қорғаудың ең тиімді құралдарының, сонымен қатар ең қауіпсіз медициналық араласулардың бірі. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, жоспарлы түрде туберкулезге, В вирустық гепатитіне, полиомиелитке, көкжөтелге, сіреспе дифтериясына, қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке, гемофильді және пневмококкты инфекцияға қарсы вакцинация жүргізіледі», - деді Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы.



Оның айтуынша, бүгінде вакциналардың екіден алтыға дейінгі компоненттерін бір дозада біріктіруге мүмкіндік беретін, инъекциялардың санын азайтатын вакциналар бар. Біздің елде қолданылатын барлық вакциналарды ДДҰ пайдалануға ұсынған және Қазақстанда тіркелген.



«Республика аумағында қолданылатын вакциналар қауіпсіз және тиімділігі жоғары», - деді ол.



Сонымен қатар, ол көптеген ата-ана профилактикалық вакцинаны балаларына егуден бас тартатынын тілге тиек етті.



«Бұл ретте әртүрлі әлеуметтік желіде таралатын бұрмаланған, дұрыс емес ақпарат кері әсер етеді. Баласына вакцина салғызудан бас тартқан ата-аналар тек өздеріне ғана емес, басқа балаларға да жұқтыру қаупін тудырады», - деді ол.



Алматы қаласында Еуропалық иммундау апталығын өткізу кезеңінде вакцинация тұрғылықты жері бойынша емханаларда тегін жүргізіледі. Қала емханалары вакцинация мәселелері бойынша халыққа консультациялық көмек көрсетуге, вакцинация туралы деректерсіз басқа өңірлерден келген немесе екпе алмаған балаларды егуге дайын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вакцина #профилактика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика