AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларға г...

Алматыда ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларға гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау аяқталуына 7 күн қалды

Алматы Бүгін 18:08 42 yakiya
Алматыда ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларға гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау аяқталуына 7 күн қалды

Байқау қаланың нақты міндеттерін шешуге бағытталған қолданбалы зерттеулерді қолдауға арналған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласында 2026 жылға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларға гранттық қаржыландыру бойынша өтінім қабылдау аяқталуға жақын. Байқау Ғылым күні аясында, Қазақстан Республикасы Президентінің ғылымның рөлін күшейту және заманауи ғылыми экожүйені қалыптастыру жөніндегі тапсырмалары шеңберінде, сондай-ақ цифрландыру жылының басымдықтарына сәйкес жарияланған.

Бұл міндеттер Алматы қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында айқындалған.

Қаржыландырудың басым бағыттарына қолайлы қалалық ортаны дамыту, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, урбанизацияны тиімді басқару, әлеуметтік тұрақтылық, «Жасыл Алматы» бастамасы аясындағы экологиялық саясат, «Алматы – смарт-сити» цифрлық трансформациясы, сондай-ақ «Қауіпсіз қала» тұжырымдамасы шеңберінде қауіпсіздік деңгейін арттыру жатады.

Байқаудың ерекшелігі — оның қолданбалы сипаты және ғылыми әзірлемелерді қалалық ортаға енгізуге бағытталуы. Бұл тәсіл теориялық зерттеулерден тікелей қала тұрғындарының өмір сапасына әсер ететін практикалық шешімдерге көшуге мүмкіндік береді.

«Байқаудың ерекшелігі — ғылым, мемлекет және бизнестің жаңа өзара іс-қимыл моделін қалыптастыруында. Ғылыми әзірлемелер қаланың нақты мәселелерін шешуге бағытталады, ал гранттар олардың іс жүзінде енгізілуіне арналған», — деді «Тұран» университетінің проректоры Дина Разақова.

Ғылыми қауымдастық өкілдерінің айтуынша, негізгі міндет — практикалық іске асыруға дайын жобаларды қолдау. Сарапшылар қолданбалы ғылымды дамыту қала өмір сапасын арттыру мен тұрақты дамудың маңызды факторы екенін атап өтеді.

«Әкімдік гранттары ғылыми әзірлемелердің зертханадан шығып, экологияда, көлікте, цифрлық қызметтерде және басқа да салаларда қолданылуына бағытталған», — деді Шолпан Жаманбаева.

Өтінімдер 2026 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында Алматы қаласы әкімдігінің кеңсесі арқылы қағаз және электрондық форматта қабылданады. Толық ақпарат әкімдіктің ресми сайтында қолжетімді.

Байқауды ұйымдастырушы — Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы. Қатысуға аккредиттелген ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, сондай-ақ автономды білім беру ұйымдары жіберіледі.

Гранттық қаржыландырудың іске қосылуы ғылымды дамыту және инновациялық шешімдерді қалалық ортаға енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы маңызды қадам болмақ.

Анықтама телефондары: +7 (727) 338-50-02, +7 (727) 338-39-00, +7 (727) 338-38-39

Еске салайық, Алматы әкімі тапсырмасына сәйкес қалада ғылыми әлеует пен қолданбалы зерттеулерді жүйелі түрде қолдау қалыптасып келеді. Алматы дәстүрлі түрде еліміздің ең ірі ғылыми-білім орталығы мәртебесін сақтап отыр.

Қалада 35 жоғары оқу орны, 131 ғылыми-зерттеу институты және ғылым саласындағы 142 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл Алматының дамуына зор зияткерлік ресурс қалыптастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Бүгін 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Бүгін 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Бүгін 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Бүгін 19:23

ШҚО полицейі бастаған ел құрамасы Түркиядағы халықаралық сайыста жүлде алды

Бүгін 19:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);