ffin.kz

Алматыда ғалым Т.Кәкішев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Алматыда ғалым Т.Кәкішев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды Сурет: 24kz

Студенттер мен жас ғалымдар арасында «Кәкішұлы оқулары» ұйымдастырылды


Алматыда көрнекті әдебиеттанушы ғалым, сыншы Тұрсынбек Кәкішевтың 95 жылдығы аталып өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.


Мәдени шара аясында қайраткер тұрған көпқабатты үйдің қабырғасына ескерткіш тақта қойылды. Қазақ әдебиетінің қайраткері туралы шәкірттері мен ұрпақтары естеліктерімен бөлісті. Профессор Тұрсынбек Кәкішұлы қазақ әдебиеттану ғылымын тың жаңалықтармен байытып, қазақ көркем сынының тарихын зерттеген. Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын зерттеп, Сәкентану ғылымының негізін қалады. Ғалым жиырмаға жуық кітап жазған. Оның жетеуі Сәкен Сейфуллинге арналған. Бұған қоса мектеп оқушыларына арнап оқулықтар жазды.  



«Сәкенді танытудағы үлкен еселі еңбегі, Мағжан мен Сәкен екеуін жарыстырып отырып, Мағжанның атын айтуға болмайтын сол анау ғасырдың алпысыншы жылдары, жетпісінші жылдары таяғын жеп жүріп, Мағжанның атын тайға таңбадай етіп басқан. Сәкен екеуінің келіскен кезінде, кеңескен кезінде екеуінің арасындағы үлкен тамырлы байланысты бір ғажап зерттеушілік шеберлікпен жазып еді», - дейді ақын, драматург Нұрлан Оразалин.



 Сондай-ақ ғалым ұзақ жыл еңбек еткен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылыми конференция өтті. Ізбасарлары Тұрсынбек Кәкішев шетелге шыққан сапарларында қазақ халқының әдеби-мәдени мұраларын іздестіріп, елге әкелуші еді деп еске алды. Конференция барысында әдебиетшілер мен қоғам қайраткерлерінің Тұрсынбек Кәкішев туралы жазған естеліктері мен зерттеулері топтастырылған жинақ таныстырылды. Студенттер мен жас ғалымдар арасында «Кәкішұлы оқулары» да ұйымдастырылды. Оған 3 номинация бойынша 60-тан астам жұмыс қабылданған. Жеңімпаздар арнайы диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07