Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Алматыда Ғабит Мүсіреповтің мұражай-үйі күрделі жө...

Алматыда Ғабит Мүсіреповтің мұражай-үйі күрделі жөндеуден өтті

Тұлға 19.04.2022, 11:16 1,833
Алматыда Ғабит Мүсіреповтің мұражай-үйі күрделі жөндеуден өтті
Сурет: Almaty-akshamy

Мұржай-үйінің алаңы 114,6 шаршы метрді құрайды.


Алматыда қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің мұражай-үйі күрделі жөндеуден өтті. Реэкспозиция жазушының 120 жылдығы қарсаңында іске асты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Күрделі жөндеуден, модернизациядан және реэкспозициядан кейін Ғабит Мүсірепов мұражайы еліміздегі алғашқы заманауи мультимедиялық әдеби орталыққа айналады. Реконструкция және реэкспозиция бойынша жүргізілген кешенді жұмыс жыл сайын мұражайға келушілер санын екі есеге – 22 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.



Мұражайды жаңарту жұмыстарына музей және архив ісі саласындағы жетекші мамандар, дизайнерлер, суретшілер, бейнеинженерлер және т.б. тартылды.


Жөндеу барысында мұражай заманауи құрал-жабдықтармен, оның ішінде ақпараттық стендтермен, мультимедиялық жүйемен, контентті сенсорлық басқаруы бар проекциямен, мультимедиялық тач-панельдермен және т.б. жабдықталды. Бұларда құнды әдеби деректер, мұрағаттық материалдар, оның ішінде «Бесеудің хаты», қолжазбалар, фотосуреттер және т.б. көрсетіледі.



Реэкспозиция нәтижесінде әдеби зал қайта жасақталды. Стендтерде жазушының отбасы, балалық шағы, білімі, әдеби жолдың басталуы және т.б. туралы мәліметтер келтірілген өмірі мен шығармашылық жолы ұсынылған. Мұражайда сондай-ақ Ғабит Мүсірепов жазған, оның ішінде «Амангелді», «Қыз Жібек», «Бір рет және өмір бойы», «Қауын» фильмдерін көрсету үшін арнайы кинозал ашылды.



Еске салсақ, Ғабит Мүсіреповтің соңғы 18 жыл тұрған пәтері 1991 жылы ҚР Орталық мемлекеттік музейінің бір бөлігі ретінде мұражайға айналған. 1999 жылдан бастап нысан С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтың мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешені болып қайта құрылды. 2015 жылдан бастап мұражай «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК құрамында.



Ғ.Мүсірепов мұржай-үйінің алаңы 114,6 шаршы метрді құрайды. Екі мемориалдық бөлме, бір әдеби зал бар. Мемориалдық бөлмедегі заттар (жазу үстелі, кітапхана, жеке тұтыну заттары, сыйлық заттары және т.б.) бұрынғы күйінде сақталған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұражай #музей #Ғ.Мүсірепов #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Бүгін 16:23

"Діни насихатты шектеу керек". Мәдениет министрлігі Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді

Бүгін 16:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика