Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда есірткісін өсіретін қылмыстық топ жойыл...

Алматыда есірткісін өсіретін қылмыстық топ жойылды

Заң мен тəртіп 08.08.2023, 13:10 907
Алматыда  есірткісін өсіретін  қылмыстық топ жойылды
Сурет: Polisia.kz

Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында есірткі бар өсімдіктерді Алматыда мен оған жақын аудандарда өсіруді және өткізуді жолға қойған.


ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен Алматы қаласының полиция департаменті жылдам қимылдайтын және “Арлан” арнайы жасақтарын тарта отырып, қалалық ҰҚКД-мен бірлесіп, прокуратура органдарының үйлестіруімен марихуана мен гашишті аса ірі мөлшерде өсірумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


 Қылмыстық әрекеттерді бақылау және тіркеу полицейлер үшін қиынға соқты. Себебі есірткі тексеруден өткен тапсырыс берушілерге ғана жеткізілген. 


Арнайы құрылған жедел-тергеу топтары Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында 14 адамды ұстады. Бір уақытта қызметтік-іздестіру иттерін тарта отырып, тінту жүргізілді. Әр үйде есірткі заттары табылып, тәркіленді. Алматы облысының Бәйтерек кетінде ұсталғандардың біріне тиесілі жеке үйді тінту кезінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге арналған жарықдиодты шамдар орнатылған қосалқы үй-жай табылды. 32 қарасора бұтасы тәркіленді. Екінші зертхана Алматыдағы жеке үйдің жертөлесінде анықталды. Ол жерден құрамында есірткі бар қарасора бұталары, тұқымдар, кептірілген марихуана салынған орамалар және өсімдіктерді өсіруге арналған жабдықтар тәркіленді. Ұсталған сәтте қылмыстық топтың мүшелерінің барлығы есірткілік масаң күйде болған. Операция нәтижесінде заңсыз айналымнан 40 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Қылмыстық іске заттай дәлел ретінде тәркіленген қарасора тұқымы, оны өсіруге арналған жабдық, ұлттық және шетел валютасындағы қаражат, қылмысқа пайдаланылған ұялы телефондар да қоса тіркелді.



«Есірткі бизнесіне қатысушылар есірткіні өсіру мен заңсыз айналымынан басқа ҚР ҚК-нің 262-бабы “Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу” бойынша тергелетін болады. Жаза мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», -  деп хабарлады ІІМ.



Полиция есірткі заттарына байланысты кез-келген іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді. Егер сізге “оңай табыс табу” туралы ұсыныс түссе немесе қылмыстың куәсі болсаңыз, 102 арнасына дереу хабарлауды сұраймыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #есірткі өсіру #Қылмыстық топ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Төтенше жағдай: Ақмола облысында Шөптікөл бөгеті бұзылды

Бүгін 10:21

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде екі медаль жеңіп алды

Бүгін 10:04

Атырауда Қарабалиндер отбасының өліміне қатысты іс бойынша жаңа деректер жария болды

Бүгін 09:46

Шымкентте аялдаманы бүлдірген қыздар жауапқа тартылды

Бүгін 09:26

"Бәрін әйелім үшін істедім". Тұрсын Алагөзовтың зәулім үйі желіде қызу талқыға түсті

Бүгін 09:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика