AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда есірткі зертханасы жойылды

Алматыда есірткі зертханасы жойылды

Заң мен тəртіп 27.10.2022, 11:41 1,090
Алматыда есірткі зертханасы жойылды
Сурет: Polisia.kz

Қылмыстық әрекетті 33 жастағы С. есімді азамат жасаған.


Оның Mercedes автокөлігін полиция қызметкерлері Достық даңғылы мен Омарова көшесінің қиылысында тоқтатты. С. есімді азаматты жеке тінту және автокөлікті тінту кезінде ішінде заты бар изолентаға оралған 85 бума табылды және тәркіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Ұсталған азамат оларды Алматы қаласы мен Алматы облысына одан әрі тарату үшін сақтап қойған. Тәркіленген заттар – мефедрон және марихуана есірткісі.


Анықталғандай, күдікті синтетикалық шөпті өзі жасаған. Осы мақсатта ол Алматы облысы Тұздыбастау ауылында жеке тұрғын үйді жалға алған.


Рұқсат етілген тінту кезінде жалға алынған тұрғын үйден зертханалық жабдықтар, шыны тостағандар мен кристалды заттар салынған металл қаңылтырлар, канистрдегі әртүрлі сұйық және ұнтақ химиялық заттар, ұнтақ заттар салынған полиэтилен байламдар, электронды таразылар, магниттік араластырғыш және 300 қапшық табылды және тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген мефедронның жалпы салмағы 15 келі 200 грамды құрады. Жауап алу кезінде “өндіруші” лаборант пен курьер жұмысы үшін жақсы жалақы алғанын айтты. Жұмыс беруші зертхана үшін баспананы да жалға алып берген. Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі #зертхана #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51

Тараз перзентханасында бір күнде төрт ана егіз босанды

Бүгін 17:29

Маңғыстау облысында Президент Жолдауы талқыланды

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);