Алматыда есірткі таратушы ұсталды

Алматыда есірткі таратушы ұсталды Сурет: Polisia.kz

Полиция қызметкерлері есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен Алматы облысының 30 жастағы тұрғынын ұстады.

Арнайы іс-шара Алматының орталығында жүргізілді. Ұсталған азаматтың автокөлігін тінту кезінде құрамында ақ түсті ұнтақ тәрізді зат бар 12 қаптама және металл кастет табылды және тәркіленді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ер адам мефедрон психотроптық затын жасырып кетуші болып жұмыс істейтінін мойындады. Тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47