Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты – СЭБД

Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты – СЭБД

Әлеумет 28.08.2024, 13:17 1,745
Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты – СЭБД
almaty-akshamy.kz

Алматыда ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемологиялық жағдай тұрақты. Өткен аптада қала аумағында ЖРВИ – ның 9890 жағдайы тіркелді, бұл өткен аптаның көрсеткіші деңгейінде және өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 9,8% - ға төмен. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова кеңірек айтып берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ә.Қалықованың келтірген деректеріне сай, қалада  маусым басталғаннан бері тұмаудың А/H3N2 типті вирусы таралған, тұмаумен сырқаттанушылықтың барлығы 232 жағдайы тіркелді.

«Ағымдағы жылдың 7 айында ЖРВИ-нің 447 062 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіші 19 500,83 құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8% - ға жоғары. Сырқаттанып қалғандардың 61,7%-ын балалар құрап отыр», - деп бөлісті ол. 
 
Эпидемияға дейінгі маусымның басынан бастап науқастардан алынған 348 материал тұмауға тән емес инфекцияларға зерттелді, оның ішінде 115 ПТР әдісі арқылы тексерілді: 57 сынамадан риновирус, 11 сынамадан парагрипп, 22 сынамадан РС, 5- сынамадан метапневмовирус, 5 сынамадан бокавирус, 6 сынамадан -аденовирус, 9 сынамадан маусымдық коронавирус анықталды. 

Сондай-ақ, Сovid-19-ға науқастардан 290 сынама алынып зерттелді, оның ішінде 58-і оң нәтиже көрсетті. 

«Тәуекел тобындағы» адамдарды вакцинациялау үшін  210 000 доза мөлшерінде үш валентті тұмауға қарсы «Гриппол Плюс» вакцинасы сатып алынды.  Тұмауға қарсы вакцинация қыркүйек айынан басталып, қараша айының аяғына дейін жалғасады.

«2023 жылы жергілікті бюджет қаражатынан «тәуекел тобындағы» адамдарды вакцинациялау үшін 250 000 доза мөлшерінде Ресейде өндірілген тұмауға қарсы «Гриппол Плюс» үш валентті вакцина сатып алынды. Жалпы Алматы қаласы бойынша тұмауға қарсы 257 495 адам егілді, бұл қаланың жалпы халқының 11,5% - құрады, оның ішінде 250 000-ы «тәуекел тобындағы» адамдар», - деп толықтырды Ә.Қалықова.  

Сонымен қатар, жаңа эпидемиологиялық маусымға дайындық барысында қаланың медициналық мекемелерінде үйде қызмет көрсетуге арналған қосымша кереуеттер мен автокөліктер қарастырылған, сондай-ақ тұмауға қарсы препараттар мен медициналық маскалар қоры дайындалған.

Алматы қаласының Ұлттық сараптама орталығының филиалында тұмау вирустары мен басқа да ЖРВИ айналымына зертханалық мониторинг жүргізуге арналған тест жүйесі бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тұмау #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстанның қаржы секторы алдағы референдумды қолдады

Бүгін 18:25

Тұңғышбай Жаманқұлов жастарды кітап оқуға, уақытты қадірлеуге шақырды

Бүгін 18:16

Алматы 2-ЖЭО-ын жаңғырту атмосфераға тарайтын зиянды шығарындыларды айтарлықтай азайтуға бағытталған

Бүгін 17:49

Арнайы операция: есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды

Бүгін 17:14

Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика