AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Employment Permit System (EPS) жүйесі аяс...

Алматыда Employment Permit System (EPS) жүйесі аясындағы іріктеудің екінші кезеңі өтіп жатыр

Барлығы 24.01.2026, 16:38 341 dulatbekova
Алматыда Employment Permit System (EPS) жүйесі аясындағы іріктеудің екінші кезеңі өтіп жатыр
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Еңбек көші-қоны саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстанды Employment Permit System (EPS) жүйесіне қосу мақсатында 2026 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласына Корея Республикасының Жұмыспен қамту және еңбек министрлігінің делегациясы келді. Делегацияның сапары Қазақстанда EPS орталығын ұйымдастыруға арналған инфрақұрылымның дайындық деңгейімен танысуға бағытталған.
 
EPS жүйесіне қосылу рәсімі үш кезеңнен тұрады:
1. Ішкі мемлекеттік келісу;
2. EPS орталығын ашуға арналған нысандармен танысу және оларды тексеру;
3. Корея Республикасының Ведомствоаралық комиссиясының түпкілікті шешім қабылдауы.
 
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы бірінші кезеңнен сәтті өтіп, екінші кезеңге кірісті. Бұл кезең Алматы қаласында, сондай-ақ Алматы облысында өткізіліп, EPS орталығын ашуға жоспарланған нысандарды тексереді.
 
Соңғы шешім барлық кезеңнен өткеннен кейін қабылданады.
 
Айта кету керек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі орталық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктерімен бірлесіп, Корея Республикасында заңсыз жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтарының санын кезең-кезеңімен азайтуға арналған іс-қимыл жоспарын әзірледі. Жоспарды іске асыру заңды әрі қауіпсіз жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, заңсыз көші-қонның алдын алуға, сондай-ақ Қазақстанды EPS жүйесіне қосу үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #еңбек #көші-қон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кей қазақстандықтар құмар ойынға қатыса алмайтын болды

Бүгін 12:04

Тоқаев Король Виллем-Александрды Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады

Бүгін 11:52

Алматыда биыл тұрғын үйлерге 300-дей тексеріс жүргізеді

Бүгін 11:36

Халықаралық заманауи өнер көрмесі өтті

Бүгін 11:02

Бас Прокурор Қазақстандағы Америкалық сауда палатасы өкілдерін және ірі инвестор компанияларды қабылдады

Бүгін 11:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика