AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда электрон бөлшек сауда көлемі жыл аяғына д...

Алматыда электрон бөлшек сауда көлемі жыл аяғына дейін 3,5 трлн теңгеге жетуі мүмкін

Барлығы 05.08.2025, 17:20 660 Сұлу
Алматыда электрон бөлшек сауда көлемі жыл аяғына дейін 3,5 трлн теңгеге жетуі мүмкін
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен алқалы жиында электрондық сауданың қазіргі жай-күйі мен оның дамыту бағыттары талқыланды. Басқосуда Алматыны Қазақстан мен Орталық Азиядағы электрондық коммерцияның басты орталығы ретінде рөлін нығайту мәселесіне баса назар аударылды. 

Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматыдағы электрондық сауда көлемі 5,3 трлн теңге болған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 42% жоғары. Оның ішінде 3 трлн теңгесі тауарлардың бөлшек саудасына, 2,3 трлн теңге онлайн қызмет көрсетуге тиесілі. Осылайша, Алматының республика бойынша онлайн саудадағы үлесі 90%-дан асып отыр.

Алматыда 1500-ден астам белсенді электрондық коммерция субъектісі жұмыс істейді, бұл ел аумағында тіркелгендердің шамамен жартысы. Негізгі бағыттарға күнделікті тұтынатын тауарлар, техника, киім-кешек, косметика, сондай-ақ, жеткізу, көлік және брондау салаларындағы қызметтер жатады.

Маңызды бағыттардың бірі логистика және қойма инфрақұрылымын дамыту. Қалада электрондық саудаға бейімделген тарату орталықтары іске қосылып, ірі логистикалық нысандардың құрылысы құрылысы қарқын алып келеді. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына, онлайн тапсырыс қабылдау мен жеткізу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында қала базарларды жаңғырту электрондық сауда жүйесінің қосымша элементі ретінде қаралды. Алматыдағы 59 базардың 41-і жаңартудан өткен. Бұл нысандарда цифрлық сауда жүйесі енгізіліп, тұрақты интернет желісі тартылып, сақтау, логистика және қолма-қол ақшасыз төлем аймақтары жүйеленіп келеді. 10 мыңнан астам сатушы дәстүрлі сауда тәсілін онлайн форматпен сәтті ұштастырып отыр. 

Сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау шаралары талқыланды. Шаһарда цифрлық дағдыны дамыту, халықаралық платформалармен жұмыс істеуді үйрету және онлайн арналар арқылы шикізаттық емес өнімді экспорттауға бағытталған білім және кеңес беру бағдарламалары жүзеге асырылып отыр. 

Кеңес соңында қала басшысы Дархан Сатыбалды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды жеделдетуді, цифрландыру ісін кеңейтуді және онлайн платформалармен серіктестікті күшейтуді тапсырды. Жоспарға сай, 2025 жылдың соңына қарай Алматыдағы электрондық бөлшек сауда көлемі 3,5 трлн теңгеге жетіп, ал 2030 жылға қарай бөлшек сауда айналымындағы электрондық сауданың үлесі 50%-дан кем болмайды деген үміт бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12

Қазақстандықтардың автонесиеге қызығушылығы төмендеді

Бүгін 12:15

Алматы Euronews эфирінде: халықаралық аудиторияға шаһардың туристік келбеті таныстырылды

Бүгін 12:12

Алматы GITF 2026 көрмесінде үздік мәдени туристік бағыт атанды

Бүгін 11:31

Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ЛОР-хирургияның жаңа бағыты іске қосылды

Бүгін 11:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);