Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Алматыда электрлі самокатты пайдалануды үйрететін...

Алматыда электрлі самокатты пайдалануды үйрететін мектеп ашылды

Керек кеңес 19.08.2022, 15:00 2,038
Алматыда электрлі самокатты пайдалануды үйрететін мектеп ашылды
Сурет: Inform.kz

Тегін үйретіледі


Алматыда электрлі самокатты тебуді үйрететін мектеп ашылды. Мұнда кәмелет жасына толған барлық азаматқа самокатты қала жағдайында қауіпсіз және дұрыс пайдалану тегін үйретіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Электрлі самокаттарды жалға беру қызметін ұсынатын компанияның сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы Даниил Капцаның айтуынша, қала тұрғындары самокаттарды дұрыс жүргізуді және тұраққа қоюды үйренеді. Сондай-ақ жеке қозғалыс құрылғысын пайдалану ережелерімен танысады.



«Бүгінгі күні әлемде электрлі самокат – жаңа көлік түрі болып саналады. Ол барлық ірі мегаполистерде бар. Адамдар бұл көлікке үйреніп, оны қолдана да білуі қажет. Автомектеп – қарапайым, бірақ өте маңызды қауіпсіздік ережелерін үйретеді. Біз бұл мектепте жол жүру ережесін кез келген адамға түсіндіреміз», - дейді Даниил Капцан.



Электрлі самокаттарды жалға беру қызметін ұсынатын компаниялар оқытуды апта сайын қаланың әр бөлігінде ұйымдастыратын болады. Аталған шаралар әкімдік пен команиялар арасында жасалған меморандум аясында жүзеге асырылады.
Оқыту қорытындысы бойынша қолданушылар тест тапсырып, тегін минуттар алуға және жылдамдықты 25 км/сағ жеткізуге мүмкіндік беретін промо-код ала алады. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқытудан өтпеген қолданушылар үшін максималды жылдамдық 20 км/сағ дейін шектеледі.
Даниил Капцан өзі өкілдік ететін компания халықаралық екенін айтты. Ол әлемнің 45 қаласында жұмыс істейді.



«Біздің компания қызмет көрсететін барлық қалада қателіктер қайталанады. Олардың көпшілігі, өкінішке орай, қайғылы жағдайға әкеліп жатады. Бірінші ереже – самокатқа екі адамға мінуге болмайды. Ол велосипед сияқты, белгілі бір салмаққа арналған. Екінші жиі кездесетін қателік – пайдаланушының самокатпен жолды кесіп өтуі. Жолды жаяу кесіп өту керек. Жаяу жүргіншілер өткелінде самокаттан түскен абзал. Бұл пайдаланушының өмірі мен денсаулығы үшін өте маңызды», - деді ол.



Сондай-ақ Даниил Капцан электрлі самокат мектебі маусымның соңына дейін – күн суытқанға дейін жұмыс істейтінін айтты. Алматыда – желтоқсан, елордада – қараша айына дейін.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #самокат #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика