Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда екі мыңнан астам ата-ана қызылшаға қарсы...

Алматыда екі мыңнан астам ата-ана қызылшаға қарсы вакцина салдырмай отыр

Медицина 21.04.2023, 10:41 1,991
Алматыда екі мыңнан астам ата-ана қызылшаға қарсы вакцина салдырмай отыр
Сурет: Ozgepikir.kz

Елімізде қызылшаға шалдыққандардың саны 180-нен асып кетті.


Соған қарамастан, 2 мыңнан астам ата-ана балаларына жұқпалы ауруға қарсы екпе салдыртудан бас тартып отыр. Дәрігерлер мұның соңы қайғылы оқиғаға әкеп соқтыруы мүмкін деп дабыл қағуда. Өйткені балалар арасында А гапатитін жұқтыру жиілеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап. 


Жақсылық Байшығашев баласына екпе салдыруға әуелде қарсы болған. Ол препараттың пайдасына күмәнмен қарағанын айтады. Бір жарым жасында салынуы керек вакцинаны ұлы екіге толғанда бір-ақ алып отыр.



«Көбі ауырып жатыр дейді. Сондықтан біз де вакцина алуға келдік. Бұны алмаса тағы болмайды», - дейді қала тұрғыны Жақсылық Байшығашев.



Наурыз айының орта тұсында тарала бастаған жұқпалы ауруға шалдыққандардың дені - Алматы тұрғындары. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы берген мәліметке сүйенсек, 26 адам қазір ауруханаларда ем қабылдап жатыр.



«Ауруханаларда стационарлық ем қабылдап жатқан 7 ересек және 19 бала бар. Барлығының жағдайы тұрақты. Ауыр науқастар және жүкті әйелдер тіркелген жоқ», - дейді  қалалық денсаулық сақтау басқармасы эпидемиология бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мирас Шадман.




Нақтыласақ, қызылша жұқтырған алматылықтардың 80 пайызы - 14 жасқа дейінгі балалар. Осыны негізге алған дәрігерлер мегаполисте вакцина алуы керек 8 мың бала мерзімінен кешігіп жатқанына алаңдаулы. Қазір мемлекеттік және жекеменшік емханаларда тегін екпе салу жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ ата-аналардың басым бөлігі вакцинадан үзілді-кесілді бас тартып отыр. Мамандардың айтуынша, әлі күнге дейін қызылша ауруының нақты бір емі табылмаған. Ал, екпе сырқаттың алдын алуға жәрдемдеседі дейді ақ халаттылар.


Қызылшаға қарсы салынатын вакцинаның мөлшері - 0,5 мл. Ол температурасы +2 мен +8 градусты құрайтын арнайы тоңазытқыштарда сақталады. Бұның ерекшелігі екпені алған баланың бойында қызылшадан бөлек, қызамыққа және паратит вирусына қарсы өмірлік иммунитет қалыптасады.


Сондықтан вакцина алмағандар қызылша жұқтырса, арты көп жағдайда асқынуларға алып келеді.



«Егілмеген балаларда инфекция ауыр түрде, көп жағдайда асқынуларға алып келеді. Пневмония – өкпенің қабынуы, вирустық қабыну емі жоқ. Көп жағдайда өлім-жітімге әкеп жатады. Балаларда ғана емес ересек адамдар арасында. Одан басқа көздің қабынуы кезінде адам өмір бойына соқыр болып қалуы мүмкін. Сол сияқты мидың қабынуы», - дейді ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Нұршай Әзімбаева.



Қызылша - жыл сайын таралатын ауру. Дегенмен былтыр елде аталған вирусты жұқтырған 4-ақ адам тіркелген болса, биыл сырқаттанғандар саны 187-ге жетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қызылша #вакцина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Бүгін 17:55

Референдум-2026: ТМД миссиясы дауыс берудің ашықтығы мен айқындығын растады

Бүгін 17:40

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

Бүгін 17:36

Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Бүгін 17:32

Қазақстанда әскерге шақыру маусымы басталды

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика