AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда егде жастағы азаматтарға қаржылық алаяқты...

Алматыда егде жастағы азаматтарға қаржылық алаяқтықтан қорғану бойынша дәріс өтті

Барлығы 06.02.2026, 18:10 301 Сұлу
Алматыда егде жастағы азаматтарға қаржылық алаяқтықтан қорғану бойынша дәріс өтті
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында егде жастағы азаматтарды алаяқтық әрекеттерден қорғауға бағытталған «Алаяқтық: өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғауға болады» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды.

Дәріске шамамен 40 адам қатысты. Іс-шараның мақсаты – егде жастағы азаматтардың қаржылық сауатын арттыру, ақпараттандыру деңгейін көтеру және соңғы уақытта артып отырған қаржылық алаяқтыққа байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Кездесу барысында Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Мырзахан Жақсылық, сондай-ақ полиция полковнигі, зейнеткер Рахимов Бауыржан Саринұлы баяндама жасады. Спикерлер алаяқтар қолданатын қазіргі тәсілдер мен схемалар туралы айтып, ең жиі кездесетін алдау түрлеріне тоқталып, жеке қаражат пен құпия деректерді қорғауға қатысты кеңес берді.

Кездесу барысында егде жастағы адамдардың алаяқтардың құрбанына жиі айналуының себептері атап өтілді. Атап айтқанда, бұл шамадан тыс сенгіштік, цифрлық сауаттың төмендігі және тексерілген ақпаратқа қолжетімділіктің шектеулілігі.

Сонымен қатар, алаяқтардың банк қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері немесе таныс адам ретінде таныстырып, жалған өтемақы, тиімді несие немесе инвестиция ұсынатыны түсіндірілді. Байланыс ұялы және қалалық телефондар, сондай-ақ мессенджерлер арқылы жүзеге асады. Мұндай жағдайда азаматтарды ақша аударуға, бөгде қосымшаларды орнатуға немесе SMS арқылы келген кодтарды айтуға итермелейді.

Кездесу барысында бір қарапайым, бірақ маңызды қағида тағы бір мәрте айқындалды: «Ақпаратты білетін адам – алданбайды». Осындай дәріс өткізу егде жастағы азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және алаяқтықтан қорғауда маңызды рөл атқарады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #егде жастағылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

Бүгін 17:53

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Бүгін 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Бүгін 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Бүгін 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);