AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда дүкеннен сыра алып, ақысын төлемей кеткен...

Алматыда дүкеннен сыра алып, ақысын төлемей кеткен әскери формадағы ер адамға қатысты тексеру басталды

Оқиға 13.03.2026, 15:40 283 Дина
Алматыда дүкеннен сыра алып, ақысын төлемей кеткен әскери формадағы ер адамға қатысты тексеру басталды
видео скрині

Алматыдағы Дарабоз шағынауданындағы дүкен иесі сыраның ақысын төлемей кеткен ер адамға қатысты әлеуметтік желіде жазба жариялады. Оқиғадан кейін полиция тексеру жүргізе бастады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласындағы Дарабоз шағынауданында орналасқан дүкеннің иесі әскери формаға ұқсас киім киген ер адамға әлеуметтік желі арқылы үндеу жасады. Оның айтуынша, келуші дүкеннен бір құты сыра алып, тауар ақысын төлеместен шығып кеткен.

Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Дүкен иесі видеоны Threads әлеуметтік желісінде жариялап, ер адамнан сатып алған тауары үшін ақысын төлеуді сұраған.

Видео әлеуметтік желілерде таралғаннан кейін бұл жайтқа құқық қорғау органдары назар аударды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша тексеру басталған.

«Алатау аудандық полиция басқармасына қарасты бөлімде тексеру жұмыстары қолға алынды. Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Оқиғаға ер адамның әскери формаға ұқсас киіммен жүргені себепті Қорғаныс министрлігі де түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, видеодағы азаматтың Қазақстан Қарулы күштеріне еш қатысы жоқ.

Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, ол – жоғары оқу орындарының бірінде білім алып жүрген студент және әскери кафедрада оқиды.

Сондай-ақ ведомство видеодағы киім үлгісі қазіргі Қарулы күштер формасына сәйкес келмейтінін атап өтті. Атап айтқанда, киімде тиісті айырым белгілері жоқ, ал үстіндегі далалық киім үлгісі ескірген нұсқа және қазіргі уақытта Қарулы күштерде қолданылмайды.

Қазіргі уақытта полиция барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Іс бойынша кейін процессуалдық шешім қабылданады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика