AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда дүкен тонаған қарақшы ұсталды

Алматыда дүкен тонаған қарақшы ұсталды

Оқиға 18.08.2022, 11:47 1,344
Алматыда дүкен тонаған қарақшы ұсталды
Сурет: Almaty.tv

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Алматыда ер адам қарумен қорқытып, дүкен тонаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ІІМ сайтының мәліметінше, қаланың Бостандық ауданында түнгі сағат бірде дүкен тоналды.



«Розыбакиев көшесінде орналасқан тәулік бойы жұмыс істейтін азық-түлік дүкеніне белгісіз біреу клиент ретінде кіріп, қару қолданып, кассадағы ақшаны ұрлап кеткен. Күзетші мен кассир өз өмірлері үшін қауіптеніп, тонаушының талабын орындап, түскен ақшаны берді. Бұл қылмысты ашу мақсатында криминалдық полицияның тәжірибелі жедел қызметкерлерінен және аудандық ПБ-ның тәртіп сақшыларынан арнайы жедел іздестіру тобы құрылды. Бір тәуліктен кейін полицияның арнайы жасағының көмегімен күдікті қолға түсті. Оның жұмыс орнында, даяшы болып жұмыс істейтін дәмханалардың бірінде, қызметкерлерге арналған киім ауыстыратын бөлмеде заттай айғақ сақталған сөмке табылды, атап айтқанда, оттық түрінде жасырылған мылтық, күдіктінің тонау кезінде киген киімдері мен басқа да құралдар», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.



Тәжірибелі қарақшы – Шымкент қаласының тұрғыны, 24 жастағы Т.есімді азамат болып шықты. Алматыда ол табыс табу үшін жүрген және тәжірибе көрсеткендей, бұл табыстар көбінесе қылмыстық сипатта болған.




«Оның азық-түлік дүкендеріне жасалған тағы екі қарақшылық шабуылға қатысы бар екендігі анықталды. Қылмыстардың қолжазбасы бірдей. Сараптама жүргізу үстіндеміз. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Дидар Аханов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дүкен #ұры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);