AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда дрифт жасаған жүргізуші әкімшілік қамауға...

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші әкімшілік қамауға алынды

Заң мен тəртіп 18.04.2025, 14:16 851 dulatbekova
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші әкімшілік қамауға алынды
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтап, олардың әрекеттерінің алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр.

Бұл шаралар жарияланған "Профилактика жылы" аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. "Сергек" бейнебақылау жүйесі арқылы оңтүстік бағыттағы Құлжа тас жолының Рысқұлов көшесімен қиылысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі тіркелді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, BMW көлік жүргізушісі қауіпті маневр жасап, дрифт элементтерін орындау арқылы апаттық жағдай туғызған. Полицейлер жүргізушінің жеке басын шұғыл анықтап, оны жауапкершілікке тартты. 21 жастағы азаматқа қатысты маневр жасау ережелерін бұзу, төтенше жағдай туғызу және ұсақ бұзақылық фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

– Әрбір жүргізуші қаламыздың көшелері – жарыс алаңы емес екенін түсінуі тиіс. Мұндай жауапсыз әрекеттер тек заң бұзушылық болып қана қоймай, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына зор қауіп төндіреді. Біздің міндетіміз – құқық бұзушылықтың алдын алып, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау. Ережені елемеген әрбір азамат заң алдында жауап беретін болады, - деді Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Бұл жағдай – қалада жол қозғалысы мәдениетін арттыру және тәртіпсіздіктің алдын алу бағытындағы шаралардың өзектілігін тағы бір рет дәлелдеп отыр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дрифт #әкімшілік қамау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Бүгін 12:02

Соңғы екі жылда Алматыда ешкім тамақтан ұшынған жоқ

Бүгін 11:31

Алматының барлық ауданында гүлмен көгалдандырудың бірыңғай бағдарламасы жүзеге асып отыр

Бүгін 11:14

Алматыда ІІМ кинологиялық қызметінің жұмысын таныстырды

Бүгін 10:52

Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

Бүгін 10:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);