AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың 114 жылдығына орай е...

Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың 114 жылдығына орай ескерткішке гүл қою рәсімі өтті

Барлығы 12.01.2026, 16:01 514
Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың 114 жылдығына орай ескерткішке гүл қою рәсімі өтті
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, дипломат, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толуына орай Алматы қаласында Д. А. Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Тағзым ету шарасына Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Алиев, Халықаралық Д. Қонаев қорының президенті Эльдар Қонаев, М. Әуезов музейінің директоры Дияр Қонаев, Дінмұхамед Ахметұлының қызметтестері мен туған-туыстары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Шара барысында сөз сөйлеген Эльдар Асқарұлы:

«Бүгін Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толып отыр. Ол – еліміздің дамуы мен қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлға. Оның ерен еңбегі мен мемлекетшіл болмысы Қазақстан тарихында айрықша орын алады», – деп атап өтті.

Сондай-ақ іс-шара аясында РМК «Ғылым ордасы» академиясы атынан Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа қатысты барлық ресми құжаттар Д. А. Қонаев музейінің қорына табысталды. Бұл құнды мұра ұлы тұлғаның саяси, ғылыми және қоғамдық қызметін тереңірек зерделеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, шараға жиналған қонақтар үшін Д. А. Қонаев музейі мен мемориалды пәтер-музейінде арнайы экскурсиялар ұйымдастырылып, музей қызметкерлері Дінмұхамед Ахметұлының өмір жолы, ел басқарудағы кемеңгерлігі мен адамгершілік болмысы туралы тың деректермен бөлісті.

Дінмұхамед Қонаев – халқының жүрегінен орын алған, елінің болашағы үшін аянбай қызмет еткен біртуар Ұлы тұлға. Оның парасатты саясаты, қарапайымдылығы мен әділдігі бүгінгі ұрпақ үшін өнеге, ал есімі – қазақ халқының тарихи жадында мәңгі өшпес жарық жұлдыз болып қала береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дінмұхаммед Қонаев #гүлшоғы #туған күн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36

Түркияда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық жарыс басталды

Кеше 17:17

Қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 5 қола салды

Кеше 16:28

Алматының сегіз ауданында 10 мыңға жуық тұрғынның қатысқан жергілікті сенбіліктер өтті

Кеше 15:57

Алматыда Карьерная көшесінде тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен сенбілік өтті

Кеше 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика