конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда дене шынықтыру мен спортты дамытудың ғылы...

Алматыда дене шынықтыру мен спортты дамытудың ғылыми-педагогикалық бағыттары талқыланды

Спорт 14.04.2025, 17:40 979 dulatbekova
Алматыда дене шынықтыру мен спортты дамытудың ғылыми-педагогикалық бағыттары талқыланды
Сурет: Gov.kz

Алматыда Ғылым қызметкерлері күніне орай Қазақ спорт және туризм академиясында жас ғалымдар бас қосқан «Дене шынықтыру, спорт, туризм, білім және ғылымды дамытудың басым ғылыми-педагогикалық бағыттары» атты III Халықаралық Форум өтті.

Оған Ұлттық ғылым академиясының өкілдері және жас, жетекші ғалымдар мен өндірістегі мамандар қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Олар цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу арқылы, халықты бұқаралық спортқа тарту, орта білім беру мекемелерінде дене шынықтыруды жаңартылған бағдарлама негізінде оқыту мен жоғары жетістіктер спортында спортшыларды кешенді бақылау арқылы жаттығу үрдісін жоспарлау, туристік қызметтерді цифрландыру, инклюзивті туризмді дамыту мен жаңа буын кадрларын даярлау, экологиялық, емдеу-сауықтыру мен мәдени туризмнің болашағы, сондай-ақ спорттық туризмнің дамуы сияқты өзекті мәселелерді талқылады.

Іс-шара аясында ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы және  Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Байтұрсынов Серік Самұратұлы студенттермен брейн-ринг өткізді. 

Стартаптар сайысында студенттер жасанды интеллект элементтері бар интеллектуалды мейрамхана, кино-кафе, қонақтардың көңіл-күйін мәзір мен атмосфера арқылы өзгерте алатын Mood-Food жобасын таныстырды. Сондай-ақ қонақжайлылық саласын роботтандыру мен цифрлық трансформациялау сияқты жобаларды қарастырып, қазылар алқасынан әділ бағаларын алды.

Форум соңында 2025 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ҚазСТА ректоры грантының жеңімпаздары марапатталды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дене шынықтыру #спортты дамыту #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды: «Халық Конституциясы – Әділетті Қазақстанның төлқұжаты»

Бүгін 00:13

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Кеше 18:06

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

Кеше 17:38

Шерзод Давлатов Еуропа кубогының чемпионы атанды

Кеше 17:33

Евгений Данилов пен Богдан Бобров РПТ турнирінің күміс жүлдегерлері атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);