Алматыда «Демалыс» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде

Алматыда «Демалыс» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде Polisia.kz

Шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу.


Алматыда «Демалыс» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Демалыс күндерінде жедел жағдайды тұрақтандыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, сондай-ақ балалардың құқықтарын бұзу деректерін анықтау, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалмауын қадағалау, балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мақсатында 9-11 тамыз аралығында Алматы қаласы аумағында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін және қоғам белсенділерін тарта отырып, жалпы қалалық «Демалыс» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.



«Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және ескерту, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, улы және психотроптық заттарды тұтынатын қоғамға қарсы бағыттағы кәмелетке толмағандар топтарын анықтау, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз кешкі және түнгі уақытта үйден тыс жерде болу деректерін анықтау. Іс-шараның тиімді әрі нәтижелі өтуіне білім беру органдары, жергілікті атқарушы органдар, ата-аналар комитеттері, педагогикалық ұжымдар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және ІІО-ның басқа да қызметтерінің өкілдері жұмылдырылған», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Диас Дуанбеков.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:25

17:14

16:53

16:41

16:29

16:08

15:47

15:20

15:08

14:48

14:37

14:20

14:04

12:29

12:16

12:05

11:51

11:46

11:32

11:20

10:50

10:45

10:40

10:29

10:20