Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда дәрігерлер ерекше жағдайдағы жүкті әйелді...

Алматыда дәрігерлер ерекше жағдайдағы жүкті әйелді аман-есен босандырып алды

Медицина 14.03.2025, 10:29 795
Алматыда дәрігерлер ерекше жағдайдағы жүкті әйелді аман-есен босандырып алды
Cурет: Gov.kz

Алматыдағы Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының мамандары күрделі медициналық жағдайдағы жүкті әйелді сәтті босандырып алды.

35 апта мерзімде түскен науқасқа идиопатиялық апластикалық анемия (Хагеман синдромы), коагулопатия, тұрақты иммуносупрессивті терапия қажеттілігі бар созылмалы трансфузиялық тәуелділік сияқты ауыр диагноздар қойылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, ананың жағдайы мен жүктіліктің соңғы триместрінде туындаған асқынулар өмірге қауіп төндірді. Негізгі қауіптер — босану кезінде жаппай қан кету, тромбоз, ұрық гипоксиясы және ананың иммундық тұрақсыздығы болды.

Мамандар консилиум өткізіп, ана мен баланың өмірін сақтап қалу үшін босануды мерзімінен бұрын индукциялау туралы шешім қабылдады.

Нәтижесінде, дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында босану штаттық режимде өтті. Салмағы 2885 грамм, бойы 51 см, Апгар шкаласы бойынша 6/8 балл алған сәби дүниеге келді.

Босанғаннан кейін анаға арнайы емдеу жүргізілді: трансфузиялық терапия, анемияны түзету және тромбоздың алдын алу шаралары қабылданды.

Қазіргі уақытта ана мен бала қанағаттанарлық жағдайда. Пациент гематологтың бақылауында болып, қолдау терапиясын жалғастырады.

Медициналық орталық мамандары бұл оқиғаны ерекше жағдай деп атап, көпсалалы білікті команданың үйлесімді әрекеті өмір мен денсаулық үшін шешуші рөл атқарғанын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігерлер #босандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика