AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда Даңқ және Мәңгілік алау монументінің жаны...

Алматыда Даңқ және Мәңгілік алау монументінің жанында салтанатты митинг өтті

Заң мен тəртіп 27.09.2022, 06:21 1,419
Алматыда Даңқ және Мәңгілік алау монументінің жанында салтанатты митинг өтті
Сурет: Polisia.kz

Алматыда полицейлер мен Ұлттық ұландықтар ҰОС кезінде қаза болған батырларды еске алды.


Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Даңқ және Мәңгілік алау монументінің жанында салтанатты митинг өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, ІІО ардагерлері мен әскери-патриоттық клубтардың оқушылары Ұлы Отан соғысының батырларын бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.


Ақпараттық-насихаттық тобының жетекшісі, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов пен Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков қан майданда фашистердің басымдығына ерлікпен төтеп берген жауынгерлер құрметіне орнатылған ескерткіштің батырлардың ерліктерін қастерлеу орны екенін атап өтті.



«Алматыға келген ақпараттық-насихаттық тобы жеке құрамның жауынгерлік рухын көтеруге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізуде. Ішкі істер министрі мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бастамасы бойынша өтіп жатқан іс-шаралардың құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер үшін маңызы зор. Осы жұмыс аясында біз бүгін Ұлы Отан соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан батырларды еске алып жатырмыз. Еліміздің қорғауында тұрған жауынгерлердің кәсібилігі тек бейбіт уақытта ғана сыналуын тілеймін», – деді халық қаһарманы Қайрат Жарылқасынұлы.

Іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, Ұлттық ұланның “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің қолбасшылықтары мен жеке құрамы, сондай-ақ Алматы гарнизонының полиция қызметкерлері қатысты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полицейлер #Ұлттық ұлан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астана 2030 жылғы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатын өткізеді

Бүгін 15:12

Елімізде мереке күндері ауа райы қандай болады?

Бүгін 14:25

Алматыда дәрігерлер 25 келі алып ісігі бар науқастың өмірін сақтап қалды

Бүгін 14:07

Бибигүл Жексенбай алаяқтықтан зардап шеккендерді қорғаудағы олқылықтарды атап өтті

Бүгін 13:46

Алматыда тоғызқұмалақ ойнайтындар көбейіп келеді

Бүгін 13:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика