Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда биыл 2 мыңдай азамат әскерге аттанады

Алматыда биыл 2 мыңдай азамат әскерге аттанады

Әлеумет Бүгін 12:32 32
Алматыда биыл 2 мыңдай азамат әскерге аттанады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда әскерге шақыру науқанының қорытындысы шығып, 2026 жылға арналған жоспары жарияланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық әскери қауіпсіздік пен қорғаныс мәселесі жөніндегі әкімнің көмекшісі Ержан Рымбек Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте хабарлап айтты.

Оның айтуынша, биылғы көктемде әскери қызметке шамамен 2 мың азаматты шақырмақшы. Ол Президенттің Жарлығы мен әкімдік қаулысына сәйкес 2026 жылғы көктемгі шақыру 1 наурызда басталғанын еске салды.

Былтыр 3547 адам әскери міндетін өтеуге аттанған. Олардың арасындағы 1972 адамды Қарулы Күштерге, 997 адамды ІІМ Ұлттық ұланына, 467 адам ҰҚК Шекара қызметіне, 63 адамды Мемлекеттік күзет қызметі мен 48 адамды Төтенше жағдай министрлігінің бөлімшесіне жіберіпті.

Бүгінгі күнге дейін:

* 212 адам – ҰҚК Шекара қызметіне;

* 31 адам – Мемлекеттік күзет қызметіне;

* 191 адам – Қарулы Күштерге (13 сәуірдегі есеппен) шақырылған.

Азаматтарды аудандық комиссиялар арқылы әскерге шақырады. Онда медициналық тексеріс жүргізіп, әскерге жарамды-жарамсыз екені анықталады. Одан кейін сарбаздарды қалалық жинақтау пунктіне жіберіп, онда команда жасақталып, олар әрі қарай әскери бөлімдерге аттанады.

Шақырудың сапасы мен медициналық тексерістің тиімділігін арттыру мақсатында Алматыда қалалық жинақтау пункті жаңғыртылды. Түрксіб ауданында орналасқан ауданы 2800 шаршы метр болатын нысанда медициналық кабинеттер, 100 төсек-орынға арналған жатын бөлмелер, спорт пен акт залдары, сондай-ақ демалыс аймақтары бар.

«Замандық медициналық жабдықпен қамтамасыз ету тексеру мерзімін едуәір қысқартып, оның тиімділігін арттырады», – дейді Ержан Рымбек.

Спикер мерзімді әскери қызметті өткерген азаматтарға берілетін әлеуметтік кепілдіктерге де тоқталды.

«Әскерге шақырылғандардың жұмыс орны сақталады, қызметтен кейін жұмыс берушілер бұрынғы жұмысын қалпына келтіруге міндетті. Сондай-ақ ҰБТ балын есепке алмай жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі қарастырылған, үздік әскери қызметшілер білім грантын да ала алады», – деп атап өтті ол.

Бұдан бөлек, әскери міндетін өтегендер жатақханаға орналасар кезде басымдыққа ие болып, несиесін төлейтін уақытты да кейінге шегере алады.

Ержан Рымбек әскери қызметтен жалтарғандар жауапқа тартылатынын ескертті.

«Шақырту қағазын елемей, медициналық тексеруден өтуден бас тартудың соңы әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Әдейі жалтарған жағдайда айыппұл 3000 АЕК-ке дейін жетуі мүмкін немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді ол.

Жұмыс берушілерге де түсіндіріп, олардың әскер жасындағы қызметкердің келуіне жәрдемдесіп, тиісті мәліметтерді ұсынуға міндетті екені айтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әскерге шақыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

Бүгін 13:40

Алматыда «Әскер барысы - 2026» турнирі өтіп, жеңімпаздар анықталды

Бүгін 13:21

Тұран өркениетін зерттейтін халықаралық орталық ашылды

Бүгін 13:18

Ыстанбұлда қазақ археолог профессор Айман Досымбаеваға арналған халықаралық ғылыми-мәдени іс-шара өтті

Бүгін 13:04

Алматыда әскерге баратындар мен жұмыс берушінің міндетін айтты

Бүгін 12:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика