Аqshamnews.kz тілшісінің сауалына жауап берген Алматы қаласы Білім басқармасының мәліметінше, 2025 жылы Алматы қаласы бойынша «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жалпы 22 500 орынға арналған 12 жаңа мектеп пайдалануға берілді.
2025 жылы салынған және ашылған мектептердің тізімі:
- №154 жалпы білім беретін мектеп, Алатау ауданы, Ақбұлақ шағынауданы, Қ. Шәріпов көшесі, 38.
Оқу тілі: қазақ-орыс. Сыйымдылығы: 1500 орын.
- №213 жалпы білім беретін мектеп, Алатау ауданы, Теректі шағынауданы, Құрсары көшесі, 37.
Оқу тілі: қазақ. Сыйымдылығы: 2000 орын.
- №214 жалпы білім беретін мектеп, Наурызбай ауданы, Райымбек даңғылы, 590/13а.
Оқу тілі: қазақ. Сыйымдылығы: 1500 орын.
- №215 жалпы білім беретін мектеп, Бостандық ауданы, Розыбакиев көшесі, 254/3.
Оқу тілі: қазақ. Сыйымдылығы: 1500 орын.
- №216 жалпы білім беретін мектеп, Алмалы ауданы, Райымбек даңғылы, 210.
Оқу тілі: қазақ-орыс. Сыйымдылығы: 1500 орын.
- №217 жалпы білім беретін мектеп, Алатау ауданы, Самғау шағынауданы, Көкорай көшесі, 67в.
Оқу тілі: қазақ. Сыйымдылығы: 2000 орын.
- №218 жалпы білім беретін мектеп, Алатау ауданы, Қарасу шағынауданы, Көктал көшесі, 1а.
Оқу тілі: қазақ. Сыйымдылығы: 2000 орын.
- №219 жалпы білім беретін мектеп, Наурызбай ауданы, Құрамыс шағынауданы, Сейдімбек көшесі, 200/3.
Оқу тілі: қазақ. Сыйымдылығы: 1500 орын.
- №220 жалпы білім беретін мектеп, Медеу ауданы, Құлжа даңғылы 98/7.
Оқу тілі: қазақ. Сыйымдылығы: 2000 орын.
- №221 жалпы білім беретін мектеп, Наурызбай ауданы, Шұғыла шағынауданы, Кенжетаев көшесі, 141/7.
Оқу тілі: қазақ. Сыйымдылығы: 2500 орын.
- №222 жалпы білім беретін мектеп, Алатау ауданы, Әйгерім шағынауданы, Сағи Әшімов көшесі, 210.
Оқу тілі: қазақ. Сыйымдылығы: 2000 орын.
- №224 жалпы білім беретін мектеп, Бостандық ауданы, Егізбаев көшесі, 9.
Оқу тілі: қазақ. Сыйымдылығы: 2500 орын.
Кейінгі үш жылда Алматы қаласында салынған және пайдалануға берілген мектептер саны: 2022 жылы 12 600 орынға арналған 8 жаңа мектеп ашылып, сондай-ақ 1020 орынға 4 мектепке жапсаржай салынды. 2023 жылы 1500 орынға арналған 1 жаңа мектеп ашылып, 970 орынға 4 мектепке жапсаржай салынды. 2024 жылы 1150 орынға арналған 2 жаңа мектеп (оның біреуі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында) пайдалануға беріліп, қосымша 800 орынға 3 мектепке жапсаржай салынды.
2025 жылы жаңадан ашылған барлық 12 мектеп барлығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған.
2026 жылға сыйымдылығы 11700 орынға арналған тағы 8 «Келешек мектептерінің» ашылуы жоспарланып отыр.
Биылғы жылы Алматы қаласы бойынша мектептерде 314 020 оқушы білім алады.
2025–2026 оқу жылында Алматы қаласының жоғары оқу орындарында 211 000 студент, ал мемлекеттік колледждерде 26 885 студент білім алуда.