конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда бірқатар жер учаскесіне қатысты мәлімет ө...

Алматыда бірқатар жер учаскесіне қатысты мәлімет өзгертілді

Алматы Бүгін 16:20 38 Сұлу
Алматыда бірқатар жер учаскесіне қатысты мәлімет өзгертілді

Алматы әкімдігі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға қатысты бірқатар қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тиісті қаулыға 2026 жылғы 17 шілдеде қол қойылған. Құжаттың нөмірі – №3/405-1076.

Қаулыға сәйкес, 2025 және 2026 жылдары қабылданған жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін алып қою рәсімін бастау туралы алты қаулыға түзету енгізіледі.

Атап айтқанда, кейбір жер учаскелері тізімнен алынып тасталып, бірқатар нысанға қатысты мәліметтер жаңа редакцияда берілді. Сонымен қатар, тізім жаңа жолдармен толықтырылды.

Өзгерістер мына қаулыларға қатысты:

  • 2025 жылғы 22 қаңтардағы №1/1-61 қаулы;

  • 2025 жылғы 2 сәуірдегі №2/262-519 қаулы;

  • 2025 жылғы 15 тамыздағы №3/470-1139 қаулы;

  • 2025 жылғы 4 қыркүйектегі №3/470-1177 қаулы;

  • 2026 жылғы 6 мамырдағы №2/195-631 қаулы;

  • 2026 жылғы 22 мамырдағы №2/195-706 қаулы.

Ең көп өзгеріс 2026 жылғы 22 мамырда қабылданған қаулыға енгізілген. Құжаттағы бірнеше жер учаскесіне қатысты ақпарат қайта редакцияланып, тізім жаңа нысандармен толықтырылды.

Алматы қаласы әкімінің аппараты қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әкімдіктің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға тиіс.

Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасына қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Құжаттың орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жер учаскесі #Қаулы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы шетелдермен мәдени ынтымақтастықты кеңейтіп келеді

Бүгін 17:16

22 мыңнан астам талапкер Абай университетін таңдады

Бүгін 16:49

Алматыда жыл басынан бері балабақшаларда 3,6 мыңнан астам жаңа орын ашылды

Бүгін 16:38

Алматының Жетісу ауданы тұрғындарға жайлы бола түсті

Бүгін 16:28

Алматыда LRT құрылысы аясында Төле би көшесіндегі 165 ескі тірек алынды

Бүгін 16:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);