AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті қолға...

Алматыда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті қолға түсті

Заң мен тəртіп 13.05.2024, 14:31 850 dulatbekova
Алматыда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті қолға түсті
Сурет: Polisia.kz

Алматыдағы компьютерлік клубтарда ұрлық жасап жүрген күдікті қолға түсті. 

Бірқатар ұрлық жасаған қала тұрғыны ұсталды. Ол Алмалы ауданында кемінде 10 ұрлық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

 Полицияның мәліметінше, ер адам компьютерлік клубтардың клиенті ретінде келіп, телефондарды, ойын приставкаларын және оларға арналған бөлшектерді жасырын түрде ұрлаған. Сонымен қатар ол жатақханалар мен қонақүйлерден сырт киім мен әкімшілікке тиесілі қаражатты ұрлаған.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 30 жастағы күдікті ұсталды. Бірқатар ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Оның жеке басы бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр. Айтпақшы, бұрын бұл азамат бірнеше рет ұрлық пен тонау жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған», – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. 

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.  ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ұрлық #күдікті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әкімдіктен Үкіметке

Бүгін 09:02

Халықаралық білім беру корпорациясының әскери кафедрасында студенттердің әскери ант қабылдауына арналған салтанатты рәсім өтті

Бүгін 08:44

Жаңбыр, найзағай: бірқатар өңірге дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:33

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Кеше 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Кеше 19:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);