Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда бірнеше емханада жалған вакцина төлқұжаты...

Алматыда бірнеше емханада жалған вакцина төлқұжатын жасаған

Оқиға 17.07.2021, 10:21 1,835
Алматыда бірнеше емханада жалған вакцина төлқұжатын жасаған
Сурет: Rabattoday.ma

Полицейлер жедел шаралар қабылдап жатыр.


Алматы полициясы жалған вакцинация төлқұжатын қандай медициналық мекемелер жасағанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы дерекке жүгінсек, бұл туралы тәртіп сақшылары ZOOM бейнеплатформасы арқылы өткен медициналық мекемелердің арнайы жиналысы кезінде хабарлаған.



«Тұрақты негізде интернет-ресурстарға және бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізілуде, медициналық анықтамаларды қолдан жасау фактілерін анықтау бойынша жедел шаралар қабылдануда. Еске салайық, жақында азаматтарды Сауд Аравия Корольдігіне жіберу үшін 140-тан астам жалған вакцина төлқұжатын жасаумен айналысқан туристік компания анықталды. Сонымен қатар, тергеу сатысында №21, №4, №16 және №13 қалалық емханалардың жалпы тәжірибелік дәрігерлеріне қатысты қылмыстық істер қаралуда. Олар кірген азаматтарға вакцинацияны салмай-ақ, дозаның бірінші компонентін қабылдау туралы жалған деректерді базаға енгізген немесе вакцина бөлмесінде бейнебақылау камерасы болса, олар екпені алғандай етіп көрсетіп екпе салынған орынды пластырмен жабыстырған. Бұл қызметтердің барлығы ақшалай сыйақы үшін ұсынылғандығы анық», – деді өз сөзінде Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.



Сонымен қатар, спикер жалған құжат жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде екендігін, ал оны қолданғаны үшін 40 тәулікке қамауға алу түрінде қарастырылғанын еске түсірді. Сондай-ақ, жоғарыда аталған азаматтардың әрекеттерінде «қызметтік жалғандық» белгілері бар, яғни, жалған ақпаратты ресми құжаттарға енгізу.



«Құрметті медицина қызметкерлері, өзіңізді қылмыстық іске тартуға жол бермеңіз және отбасыңыз бен достарыңызды осыдан қорғаңыз», – деп қорытындылады Алмасбеков.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Nur Otan #Алматы #предвыборный штаб партии #КазНУ имени аль-Фараби #кандидаты в депутаты #поспорт #екпе #Вакцинация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика