AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда бір терапевтік учаске жүктемесі 2000 адам...

Алматыда бір терапевтік учаске жүктемесі 2000 адамнан асады

Медицина 24.11.2021, 10:35 1,830
Алматыда бір терапевтік учаске жүктемесі 2000 адамнан асады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қала бойынша барлығы 989 учаске ұйымдастырылған.


Бұл мәліметтерді Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ҚДБ өкілінің деректері бойынша, бүгінгі күні Алматы қаласы бойынша жалпы практика дәрігерінің бір учаскесіне жүктеме – 1 616 адамды құрайды, жоспарлы жүктеме – 1 700 адам, бір терапевтік учаскеге – 2 164 ересек адам, жоспар бойынша – 2 200 адам, педиатриялық учаскеде жоспар бойынша 6 жасқа дейінгі 500 бала болуы тиіс, ал мұндағы балалар саны – 777.



«Бүгінде педиатриялық учаскелерде 14 жасқа дейінгі балалар тіркелген. Біз 6 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсететін педиатриялық учаскелердің жүктемесін кезең-кезеңмен азайтуды жоспарлап отырмыз», - деді Лаура Мырзағали.



ҚДБ басшысының орынбасары жалпы практика дәрігерлерінің жүктемесін ескере отырып, 2021 жылғы 1 қаңтар мен 1 шілде аралығында Алматыда МСАК ұйымдарында жалпы практика дәрігерлерінің 15 қосымша учаскесі ашылғанын айтты. Қала бойынша барлығы 989 учаске ұйымдастырылған.


Сонымен қатар, Лаура Мырзағали Алматы тұрғындары бүгін «Даму» мобильдік қосымшасында электрондық қызметтердің кең спектрін пайдалана алатынын хабарлады. Мысалы, дәрігердің қабылдауына жазылу, Дәрігерді үйге шақыру, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін, аурухана парақтарын қарау, дәрі-дәрмектерді табу және т. б.



«Нәтижесінде пациенттерге қызмет көрсету уақыты 20%-ға, кезекте тұру уақыты 30%-ға қысқарды. Пациентті дәрігерге жазу уақыты 2 есе және дәрігерді үйге шақыру уақыты 1,5 есе азайды», - деп атап өтті ҚДБ басшысының орынбасары.



Бұл қосымшаның ыңғайлылығы 859 мыңға жуық адамның жеке кабинеттер құрып, онда көрсетілген қызметтерді белсенді пайдаланатындығымен расталады.


Бүгінде «Электронды денсаулық паспорты» 1 856 329 адамға құрылды, ол барлық тіркелген халықтың 98%-ын құрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #учаске #тіркеу #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Бүгін 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);